¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
122
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әбу Һұрайраға өзің жауабын айт деп қолқа салатын. Әбу Һұрайра: «Ол,
Усайрам! Яғни Амр ибн Сабит», - деп айтатұғын
(Ибн Хишам III, 39-40;
Уақиди I, 262)
.
***
Жәбир (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Ұхуд соғысына аттанбастан бір күн бұрын түнде әкем мені шақырып
алып: «Пайғамбардың (с.а.у.) сахабаларының арасында алғашқы шәһит
болатын мен-ау деп ойлаймын. Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) кейін соңымда
қалып бара жатқан ең сүйікті, қымбатты адамым сенсің. Қарыздарым бар
еді. Соларды төлеп шық. Бауырларыңа әрдайым жақсы мәміле жаса», -
деді.
Басқа бір риуаятта бұл иманға толы тебіренісін ұлымен бөлісуді
қалап: «Жәбир! Үйде қорғауыңа мұқтаж қыздар болмағанда, сенің де
шәһит болуыңды тілер едім», - деген еді.
Әңгімені Жәбир (р.а.) былай деп жалғастырады: «Таңертең әкем
ең алғашқы шәһит болды. Өзге шәһитпен бірге бір қабірге жерледім.
Кейінірек оны жеке жерлейін деген ойға бекіндім. Жерленгеніне алты ай
толған еді. Қарасам: «Құлағынан (құлағының бір бөлігінен ) өзге, барша
мүшесі қабірге жерлеген күйімде сақталыпты. Оны жеке өзін бір қабірге
жерледім
(Бұхари, Жанайз 78)
.
***
Хазірет Жәбир (р.а.) басқа бір риуаятта былай деп әңгімелейді.
«Бір күні мұңайып жүргенімде Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) кездестім.
Маған қарап: «Неге сені мұңайған күйде көріп тұрмын?» - деп сұрады.
Мен: «Әкем Ұхудта шәһит болды. Артында бағып-қағуға мұқтаж көп
бала-шаға мен едәуір қарызы қалды», - деп жауап бердім.
79
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Хақ Тағаланың әкеңді қалай қарсы алғанын
саған айтайын ба?», - деп сауал қойды.
Мен: «Иә», - деп жауап бердім.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһ ешкіммен бетпе-бет сөйлеспейтін. Тек
перде артынан сөйлесуші еді. Бірақ әкеңді қайта тірілтіп, пердесіз бетпе-
бет сөйлесті.
Аллаһ Тағала: «Ей, құлым! Қалағаныңды сұра, мен берейін», - деді.
79. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Жәбирге (р.а.) қай жағынан болмасын әрқашан көмегін аямаған
болатын. Мысалыға оның қарызынан құтылуы үшін бақшасына барып дүние-мүлкінің
беркетті болуын Аллаһ Тағаладан сұраған. Пайғамбарымыздың дұғасынан кейінЖәбирдің
(р.а.) дүние-мүлкінің берекеті ерекше артып, барлық қарыздарын өтеген еді. (Бұхари,
Уасая 36, Истиқраз 9, Жихад 49, Буюғ 34; Мүслим, Мусақат 109,; Ахмед ІІІ, 303, 373,
391).