Previous Page  126 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

126

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Адамдар Омардың (р.а.) мәжілісінен тарады. Екеуі Хазірет Омарға

(р.а.) келіп: «Уа, мүминдердің әміршісі! Бүгінгі істеген әрекетіңді көрдік.

Мұны өз басымызға өзіміз тілеп алғандығымызды жақсы білеміз. Бірақ

осы қателікті түзеу мүмкін бе?» - деп сұрады.

Омар (р.а.): «Мұның түзеуі тек мынадай болады», - деп Рим жеріндегі

майданға ишарат етті. Олар оның сөзіндегі мағынаны аңғарып майданға,

Шам тарапына жол тартты. Сол сапардан екеуі де қайтпады

(Әли әл-

Муттақи XIV, 67/37953; Хаким III, 318/5227)

.

***

Әбу Мұса әл-Ашғаридың (р.а.) ұлы Әбу Бәкір сахабалардың Аллаһ

жолындағы жігерін, қайратын көрсететін төмендегі мына керемет

уақиғаны нақыл етеді:

«ӘкемӘбуМұса(р.а.)дұшпанәскерініңқарсыалдындатұрып:«Аллаһ

Елшісі (с.а.у.): «Күмәнсіз жәннат есіктері қылыштардың көлеңкелерінің

астында», - деп айтып еді»,-деді. Мұны естіген үсті-басы ұйпа-тұйпа бір

кісі орнынан тұрып: «Ей, Әбу Мұса! Бұл сөзді Аллаһ Елшісінен (с.а.у.)

есіттің бе?» - деп сұрады.

Әбу Мұса: «Иә, естідім», - деп жауап берді.

Кісібұлсөздіестіп,жолдастарынақайтыпкеліп:«Ассаламуғалейкум»,-

деп сәлем берді. Қылышының қынын сындырып лақтырып жіберді.

Қылышын қолына алып, дұшпан саптарына бет алды. Шәһит болып көз

жұмғанға дейін дұшпанмен шайқасты

(Мүслим, Имара 146; Тирмизи, Фадайлул-

Жиһад 23/1659)

.

***

Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) римдіктерге қарсы ұйымдастырылған

жорыққакеліпқосылды.Жолдасырқаттаныпқалды.Ажалыжақындаған-

да қасындағы жауынгерлерге: «Егер көз жұмсам мені жандарыңа алып,

рим жерінің өздерің жеткен ең соңғы нүктеге жерлеңдер. Дұшпан

саптарымен бетпе-бет келіп (алға ілгерілемей қалсаңдар), мені жеткен

тұстарыңа, аяқтарыңның астына жерлеңдер», - деп өсиет етті

(Ахмет V, 419,

416)

.

Мінекей Хазірет Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) осылайша барша

ғұмырын Аллаһ жолында күресуге сарп еткен болатын. Тіпті қайтыс

болса да, қабірі және күмбезі арқылы соңынан келетін мұсылман

әскерлерге жол нұсқап, қызметін жалғастырған.

***

Осман әмірлігі хақиқи мемлекет болу мәртебесіне Орхан Ғазидің

заманындақолжеткізгенеді.ОлдаәкесіОсманҒазисекілдіАнатолиядағы

ішкі күрестерден бас тартып, кәпірлермен соғысу пікірін жөн көрді. Бұл