Previous Page  132 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

132

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

құлшылығын тек үйінде жасасын! Сол жерде қалағанынша намаз

оқысын, Құран оқысын! Бірақ үйінен басқа жерде Құран яки намаз оқып

мазамызды алмасын! Өйткені біз, әйелдеріміз бен балаларымызды (оның

өз дініне) сиқырлап алуынан қормамыз!» - деп, осындай шарттарды

қосады.

Ибн Дағина мүшріктердің шарттарын Әбу Бәкірге (р.а.) жеткізеді.

Ол аталмыш шарттардың барлығын қабыл етеді. Үйінен намаз оқитын

жер ашады. Сол жерде күнделікті намаз оқып, Құран Кәрімге ден қояды.

Жаратылысынан аса нәзік жан болғандықтан Құран Кәрім оқығанда

қатты тебіреніп, көз жасына ерік беретін. Ол Құран Кәрім оқығанда

балалар мен әйелдер үйінің маңайына жиналып, Құран Кәрім тыңдауға

бастайды. Бұл Құрайыш мүшріктеріне ұнамады. Дереу ибн Дағинаны

шақыртып алып, Әбу Бәкірге тыйым салуын талап етеді. Сондай-ақ,

паналауынан бас тартуын өтінеді.

Ибн Дағина Әбу Бәкірге (р.а.) келіп: «Уа, Әбу Бәкір! Үйіңде отырып

дауысыңды шығарма! Яки менің панамнан шыққаныңды жария ет!» -

дейді.

Әбу Бәкір (р.а.): «Панаңды өзіңе кері бердім! Маған Аллаһтың

панасы жетеді», - деп Аллаһқа тәуекел етудің мысалын көрсетті

(Бұхари,

Манақибул-Ансар 45; ибн Хишам I, 395-396)

.

Иә,оларАллаһжолындақызмететуүшіналуант рліқиыншылықтарға

төтеп берген болатын. Дүние-мүліктерін, үйлерін тәрк етіп, Аллаһ

разылығы үшін һижрет етті.

***

Жанкештілікті уақытында жасаған жөн. Өйткені, Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) исламның алғашқы жылдарында иман келтіріп, түрлі-түрлі

қиыншылыққа төтеп беріп, қолынан келгенін аянып қалмай һижрет

еткен сахабаларын әрдайым өзгелерден артық көрген. Ерекше ықылас

көрсеткен болатын. Төмендегі әңгіме соған айғақ болады.

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қасында отырған болатынмын. Кенеттен

Хазірет Әли (р.а.) мен Хазірет Аббас (р.а.) ішке кіруге рұқсат сұрады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: «Неге келгендіктерін білемісің?» - деп

сұрады.

Мен: «Жоқ! Білмеймін!» - деп жауап бердім.

«Бірақ мен білемін!» - деді.

Рұқсат беріліп, олар ішке кірді. Сөз алып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сен

өз отбасыңда кімді қатты жақсы көресің? Соны сұрауға келдік», - десті.