Previous Page  138 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 138 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

138

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ол Аллаһ Елшісіне тезірек қауышуға бел байлайды. Жолында кездескен

күллі кедергі, оған түкке тұрғысыз болды. Уақыт созбай, қысым көрген

өз руынан қашып, сол түні жолға түседі.

Ұзақ әрі машақаты мол сапар шегеді. Аяғы тілініп, сусыздық пен

аштықтан титықтап, зорға дегенде Мәдинаға жетеді. Тебіренісінде шек

жоқ болатын. Үстіндегі киімімен Аллаһ Елшісінің құзырына баруға

ұялды. Бірақ Аллаһ Елшісін көруге деген құштарлығы оны оған

ұмыттырып, мешітке жөнелді. Сәресіге дейін мешітте жатты. Пайғамбар

(с.а.у.) жамағатқа имам болып, таң намазын оқытты. Жамағатқа көз

жүгіртіп, үйіне қайтуға бет алғанда Абдулланы (р.а.) көрді. Сүйенері жоқ

жандардың, жалғыздардың, зұлымдыққа ұшырағандардыңпанасыАллаһ

Елшісі (с.а.у.) Абдулланы бауырына басты. Атының Абдулұзза екендігін

естігенде: «Сен Абдулла Зұлбижадайынсың! (Екі жарты кілемнің иесі

Абдулласың!) Маған жақындау жерде жүр! Жиі-жиі қасыма келіп тұр»,

- деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір сөзінде ол жайлы былай деген болатын:

«Ол Аллаһқа және Оның Елшісіне һижрет етіп келген жан. Ол

«әууаһтардан. Яғни Аллаһқа көп жалбарынатын және Аллаһқа деген

махаббатынан күйіп-пісетін жан». Өйткені ол, Құран Кәрім оқығанда

Аллаһты көп зікір ететін. Мол дұға жасайтын.

Аллаһ Елшісін (с.а.у.) жанынан артық сүйген аталмыш сахаба, Тәбук

ғазауатына аттанарда Пайғамбарға (с.а.у.) келіп, оған шәһиттік нәсіп

болуы үшін дұға етуін өтінді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Уа, Аллаһым! Оның

қанын кәпірлерге харам ет!» - деп дұға етті. Абдулла (р.а.): Уа, Аллаһтың

Елшісі! Мен бұлай деп дұға етуіңізді қаламаған едім», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Сен Аллаһ жолында жорыққа аттанып, жолда

қызуың көтеріліп, көз жұмсаң шәһитсің! Көлігің сені түсіріп кетіп,

мойның сынса сен шәһитсің! Мұңға батпа! Бұлардың қай-қайсысы болса

да, шәһиттік болуға сен үшін жеткілікті», - деді.

Шынымен-ақ, оның шәһиттігі Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) айтқанындай

болып шықты. Қызуы көтеріліп Хақ Тағалаға қауышты. Әскер кері

қайтуға әзірленіп жатқанда, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) және екі қадірлі

сахабасы шам жарығымен мәйітті көтеріп келе жатты. Екі сахабалардың

бірі Әбу Бәкір (р.а.) және Омар (р.а.) болатын. Ал көтеріп келе жатқан

мәйіт, Абдулла Зұлбижадайын еді.

Абдулла ибн Масғұд (р.а.) қызғана көз тастаған көрінісін былай деп

суреттейді:

«Қараңғы түнде, жауынгерлердің шатырларының бір тұсынан жарық

көрдім. Орнымнан тұрыпжарық жаққа бет алдым. ҚарасамАллаһ Елшісі

(с.а.у.), Әбу Бәкір (р.а.) және Омар (р.а.) Абдулла Зұлбижадайынның