(
143
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осылайша бір келеңсіздіктен құтылдық деп жаз!» - дейді.
Ұлы сұлтан, «Зигатварда» жеңіске жетеді. Қолдарын көкке көтеріп:
«Уа, Раббым! Сен маған көптеген жеңістер тарту еттің! Алдыма
қойған мақсатыма жеттім. Дұғамның баршасы қабыл болды. Сүйікті
Пайғамбарыңның құрметіне маған әуелі шәһиттікті, кейінжүзіңді көруді
мына бейшара құлыңа нәсіп ет!» - деп дұға етеді.
Осы дұғадан кейін көп ұзамай, ұлы сұлтан жорықта көз жұмады. Ол
жорық үстінде қайтыс болған Осман империясының төртінші сұлтаны
болатын. Иә, кеудесінен ақтық демі шыққанша аянбай тер төккен
сұлтанның күллі іс-әрекеті кез келген жанға үлгі болары хақ!
***
Шанаққала соғысына қатысқан жауынгерлер Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ардақты сахабаларынан өнеге алған жандар еді. Солардың бірі
қатардағы жауынгер Хұсайын ауыр жараланады. Дәрігерлер жарасын
таңып береді. Бірақ ол, жарақатының ауыр екендігін аңғарады.
Жолдастарының берген нанын тістейін деп аузына апарғанда кенеттен
тоқтап қалады. Ойына сахабалардың ұлағатты іс-әрекеттері есіне түседі.
Маңайындағыларға қарап: «Достарым! Бұл нанды менің жеуім жөн емес.
Өйткені өлімім жақындап қалды. Алыңдар мына нанды! Өмір сүретін
жігіттерге беріңдер»,-дейді.
Артынша қолындағы нанды қарулас досы Мұстафаға береді. Біраз
уақыт өткеннен кейін қатардағы жауынгер Хұсайын шәһит болып Хақ
Тағалаға қауышты.
***
Қысқасы, Аллаһ жолында аянбау Хақ Тағала сүйетін қасиет болып
табылады. Әрбір мұсылман баласы осы қасиетті бойына сіңіруге
тырысуы қажет. Аллаһ бұл қасиеттің сауабын міндетті түрде бірнеше
есе етіп қайтарады. Мұндай қасиет бойында болмаған жандар қиямет-
қайым болғанда пұшайман болады.
Қазіргі таңдағы мұсылмандық, сол Аллаһ жолында аянбай еңбек
еткен жандардың арқасында келді. Біз де өз міндетімізді дұрыс атқарып,
мұсылмандықты келер ұрпаққа жеткізуге күш салайық ағайын!
4. Қайғы-қасіретке тап болғандарға сүйеніш болу
а) Мұсылмандардың дерттеріне ортақ болу және
қамын ойлау
Хақ Тағала әлсіз болып жаратылған адамзат баласының қоғам ішінде
өмір сүріп, бір-біріне өзара көмек көрсетіп сауапқа қол жеткізуін мұрат
еткен. Бұл фәни дүниеде құлдарының өзімшілдік тәрізді жағымсыз