(
147
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
келер қайран болмаған соң, мұсылмандардың дертіне тек осылайша
ортақ болған-ды.
***
Ибн Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Әкем Хазірет Омардың халифалығының тұсында бір жылы қатты
аштық болды. Ол жылды жұрт «жұт жылы» деп атады. Әкем Омар
(р.а.) өнімді жақсы берген жерлерден жинаған бидай мен зәйтүн майын
түйелерге артып бәдәуилерге үлкен көмек көрсетті. Жұттың қатты
болғандығы соншалық, жер бетінде жасыл шөп қалмады. Омар (р.а.)
қолын көтеріп: «Аллаһым! Олардың ризық-несібелерін тау бастарынан
нәсіп ет», - деп дұға етті.
Аллаһ Тағала оның және мұсылмандардың жасаған дұғаларын қабыл
етіп, артынша жауын жауды. Мұны көрген Омар (р.а.): «Құдайға шүкір!
Хақ тағала бұл қиыншылықты басымыздан алмаса, мүмкіншілігі бар
әрбір мүминнің үйіне жанұя мүшелерінің санындай пақыр таратар едім.
Осылайша бір кісінің асымен екі кісі күн көрер еді», - деді»
(Бұхари, әл-
Әдәбул-Муфрад № 562)
.
Хазірет Омар (р.а.) бір топ кісімен бірге жолда келе жатқанда, жасы
ұлғайып қалған Хаулаға (р.а.) кезікті. Хаула Хазірет Омарды тоқтатып
алды. Ол тоқтап, әйелдің қасына жақындады. БасынХаулаға иіп, оны ден
салып тыңдады. Хазірет Хауланың мәселесін тыңдап, оны шешкеннен
кейін кері қайтып келді. Біреу: «Уа, мүминдердің әмірі! Құрайыштың
үлкендерін, осы кәрі әйел үшін күттіріп қойдың ба?» - деп қалды. Хазірет
Омар ашуға мініп: «Ой, құрып кеткір! Ол әйелдің кім екенін біле місің?
- деп сұрады.
Ол: «Жоқ білмеймін», - деді.
Хазірет Омар: «Ол әйел Аллаһтың жеті қат көктің үстінде дертін
тыңдаған, Хаула бинти Сағлаба. Аллаһтың атымен ант етейін, егер кешке
дейін жағамды босатпай қалмай қойса да, ісін бітірмейінше қасынан
тапжылмас едім», - деді.
***
Ибн Аббас (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздың мешітінде иғтикафқа
кірген еді. Қасына бір кісі келді. Сәлем беріп, отырды. Ибн Аббас (р.а.):
«Бауырым! Сен шаршаған әрі қайғылы күйдесің ғой», - деді. Кейін
екеуінің арасында мынадай әңгіме жүріп өтті.
– Иә. Аллаһ Елшісінің немере інісі! Қайғылымын. Пәленшенің
менде алар «уәла» ақысы бар (ақша төлеп, мені азат еткен еді). Бірақ
мына қабір иесінің (Аллаһ Елшісі) ақысы үшін айтайын. Оның ақысын
төлерлік қаражатым жоқ».