¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
146
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Раббымыздың қалауымен ауруымызға шипасы тиер»
, - деп дұға ететін
(Бұхари, Тыбб 38; Мүслим, Сәлем 54; Әбу Дәуіт, Тыбб 19; ибн Мәжә, Тыбб 36)
.
Бұл шипаның жүзеге асуы үшін үш нәрсе керек. Олар:
1. Аллаһтың шипа беруді мұрат етуі
2. Дұғаны оқыған кісінің ықыласы
3. Дұға оқылған кісінің ықыласы
***
Умму Зуфар атты ақыл-есі дұрыс емес бір әйел бар еді. Бір күні
Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Саған айтар
бір мәселем бар»,-деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жарайды. Қай жерде
кездесуді қаласаң, сол жерде кездесіп мәселеңді шешелік», - деді. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) әлгі әйелмен жолдың шетіне шығып, мәселесін шешкенге
дейін бірге тұрды
(Мүслим, Фадайл 76; Әбу Дәуіт, Әдеп 12)
.
***
Мұсылмандардың бір бөлігі Эфиопияға һижрет еткен болатын.
Патша оларды жылы қарсы алды. Біраз уақыт өткеннен кейін меккелік
мүшріктер мұсылман болды деген жалған хабар естіп, Меккеге кері
қайтты. Меккелік мүшріктер Эфиопиядан келген мұсылмандардың
сый-құрметке бөленгендерін естіген сәтте, қатты алаң болып бұрыннан
жасап келе жатқан зұлымдықтарын үдете түсті.
Туысы Уәлид ибн Мұғираның панасына кіріп, тыныш, рахат
өмір сүріп жатқан Осман ибн Мағзун (р.а.) Аллаһ Елшісінің және
сахабаларының душар болып жатқан жан түршігерлік зұлымдық пен
зорбалықты, кейбіреуіне таңба басылып, бағзыларының қамшымен
сабалып жатқандығын көрді. Осының барлығын ой елегінен өткізіп:
«Уаллаһи, бір мүшріктің панасына кіріп тыныш өмір сүріп, достарым-
ның және достарымның Аллаһ жолында тартып жатқан алуан түрлі
азапты, менің тартпауым үлкен кемшілік. Аллаһтың панасы өзгенің
панасынан абыройлы әрі қауіпсіз», - деп қорғанысын өз мойнына
алған Уәдидке барды. Оған: «Уа, көкемнің ұлы! Сен мені өз панаңа
алған едің. Оны мүлтіксіз атқардың. Берген уәдеңде тұрдың. Қазір
сенің қорғанысыңнан шығып, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қасына барамын.
Ол және оның сахабалары мен үшін теңдесі жоқ үлгі. Мені Құрайыш
руының кісілерінің қасына ертіп барып, қорғап-паналайтындығыңнан
бас тартқандығыңды білдір», - деді.
90
Осман (р.а.) мүминдермен дерттес болуды артық көрді. Олар азап
шегіп жатқанда, өзінің рахат өмір сүруіне көңілі разы болмады. Қолынан
90. Ибн Исхақ, Сирет, Коня 1981, 158; Хайсами VІ, 34.