(
149
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
үлестіріп жатқан қызметкердің қасына барды. Сол жерде жылап жүрген
бір әйелді көрді. Ол әйел тұтқынға түскендердің бірі еді. Әбу Әйюб әл-
Ансари (р.а.) әйелдің неге жылап жүргендігін сұрады. «Бұл әйелдің бір
баласы бар еді. Соны одан тартып алып қойды. Сол үшін жылап жүр»,
- десті сол маңайдағылар.
Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) дереу баланы іздестірді. Тауып алып
анасына тапсырып анасының көз жасын тоқтатты. Олжаны үлестіріп
жатқан қызметкер Абдулла ибнҚайысқа барып, ӘбуӘйюб әл-Ансаридің
(р.а.) істеген ісін жеткізді. Абдулла ибн Қайыс бұлай істеуінің себебін
сұрады. Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.): «Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.): «Ана
мен баланы бір-бірінен айырғандарды Хақ Тағала қиямет күні барша
сүйгенінен айырады»,-деп айтқанын естіген едім», - деп жауап берді»
(Ахмед V, 422; Тирмизи, Буюғ 52/1283)
.
***
Хазірет Омар (р.а.) бір күні түнде үйінен сыртқа шыққан еді. Оны
Талха (р.а.) көріп қалды. Хазірет Омар оны байқамай біраз жүріп бір
үйге кірді. Содан кейін ол үйден шығып, басқа бір үйге кірді. Талха
(р.а.) мұның сырын білуге қатты құштарланды. Ертесіне таңертең әлгі
үйлердің біріне соқты. Үйдің ішінде көзі соқыр, орнынан тұра алмайтын
бір әйелді көрді. Талха (р.а.) әйелден: «Саған келген кісінің қандай ісі
бар еді?» - деп сұрады. Кәрі әйел: «Ол пәленше уақыттан бері үнемі
келіп тұрады. Күніге мен мұқтаж болған заттарды алып келеді. Үсті-
басымды тазалап, қиыншылықтарымды жеңілдетеді», - деп жауап берді
(Әбу Нұғайым, Хиля I, 48)
.
***
Омар ибн Абдулазиз жар салып айқайлайтындарды шақыртып
алып: «Қарыз болып қалғандар қайда? Мұқтаждар, жетімдер, үйленгісі
келгендер, пақырлар, зұлымдыққа ұшырағандар қайда? Уа мұқтаждыққа
тап болғандар! Келіп ақыларыңды алыңдар», - деп жар салдырып
мұсылмандардың мұқтаждықтарын өтеумен айналысатын.
***
Қажы Убайдулла Ахрар кенеттен бір сәттің ішінде денесі мұздай
болып қалшылдап кетті. Шәкірттері дереу от жағып, жылытуға кірісті.
Бірақ одан пайда шықпады. Ұстаз қалшылдап жылынбай қойды.
Дәл сол сәтте өзімен бірге біте қайнасқан, жақын шәкірті суық су
толы орға түсіп, үсті-басы малмандай су болып суықтан қалшылдап үйге
кірді. Шәкірттер дереу оны құрғатып, жылытты. Ол жылынып өз-өзіне
келгенде, ұстаздың да қалшылдауы тоқтап дереу жылынды.
Мұсылмандардыңдерттерін,қайғысынжан-тәніменсезінуахлақының