¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
154
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
міндім. Жолдың жөндеу құрылысы жүріп жатқандықтан, ешқашан
өзім жүріп көрмеген мектептің артындағы көшемен үйге тарттым.
Жаңбырдың молдығы соншалық, алдымды әрең көріп келе жаттым.
Тірі жан жоқ көшеде малмандай су болған он екі, он үш жасар қыз
тез-тез жүруге тырысып келе жатыр екен. Көлігіме отырғызып алайын
деген ниетпен қызға жақындай түстім. Қарасам Сонгүл.
Кішкентай қыз соңғы билетін Босниядағы бауырларымен
бөліскендіктен құйып тұрған жаңбырдың астында үйіне жаяу бара
жатыр еді. Көлігіме отырғызып алдым. Оны әкесі және үш бауыры
тұрып жатқан қирайын деп тұрған үйіне апарып тастадым. Үш-төрт
шақырым бойынша одан жасырып келген көз жасыма ерік бердім. Сел
болып ақты.
Бір аптадан кейін ұйымдастырылған жәрмеңкенің ашылуына келген
аудан әкіміне, жанындағы кісілерге билетті көрсеттім. Өздері ауыр
машақатта өмір сүріп отырған, алайда жүрегі кең, ішкі жан сарайы бай
оқушымның хикаясын оларға айтып бердім. Әкім билетті аукционға
салды. Сонымен сол билет жәрмеңкеде сатылған барша нәрсенің
сомасына жақын бағаға сатылды».
Ұзын сөздің қысқасы Хақ Тағаланың разылығына қол жеткізуді
мұрат еткен кең пейілді, сезімтал әрбір мүмин қайғы-қасіреттің маңынан
табылуы ләзім. Мұсылмандардың дерттеріне ортақ болуды дағдыға
айналдыруы қажет. Аллаһ Тағаланы көңілі жабығып жүргендердің
қасынан іздеуі керек. Өйткені Аллаһтың құлына қызмет, оның өзіне
қызмет демек. Сонымен қатар мұсылман үмбетіне қызмет, Аллаһ
Елшісіне (с.а.у.) қызмет ету болып табылады.
Мұсылмандардың дерттеріне, қайғыларына шара табу, Аллаһтың
разылығына бастайтын қоғамдық құлшылық. Ал одан сырт қалып қою,
Хақ Тағала сүймейтін өзімшілдік екендігі даусыз. Барша мұсылман бір
дене іспеттес болғандықтан, бір ағзаның сырқатына мән бермеу күллі
дененің ауруына әкеліп соғуы әбден мүмкін.
ә) Жесірлер мен жетімдерге қамқор болу
Қоғамда иләһи емтиханның бір көрінісі ретінде қанаты қайырылған
жандар кездеседі. ХақТағала құлдарына солардыңқұрметі үшінырыздық
береді. Бірақ көптеген жан бұл ақиқатты аңғара бермейді. Олардың
мақұрым қалғандығына мән бермей, өздерінің дүние-мүліктерінің
артуын ғана күні-түні тілейді. Ал ақиқатына жүгінсек Аллаһ Тағала
қоғамдағы қанаты қайырылғандарға қол ұшын беруді ауқатты кісілерге
парыз етіп жүктеген.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді.