(
151
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бір күні ел әулиелердің бірі Фудайыл ибн Ғиядтың жылап
жатқандығын көрді. Олар: «Неге жылап жатырсың?» - деп сұрады. Ол:
«Маған зұлымдық жасаған бір бейшара мұсылман үшін қайғыға батып,
жылап отырмын. Бар мұңым қиямет күнінде оның қор болатындығынан
туып отыр...», - деді.
Мінекей бір әулиенің көңіл кеңдігі осындай болмақ. Өзіне жасалған
зұлымдыққа мән бермей, зұлымдық жасаған жанның қиямет күнінде
тартар азабын ойлап жылайды.
***
Абдулхамид ханның сарай хатшысы өз естелігінде мынадай ғажап
уақиғаға тоқталып өтеді:
«Кеш батып қалған шақ болатын. Сарайда кезекші болып мен
қалып қойдым. Келген хаттарды, телеграфтарды, ақпараттарды ретке
келтіріп тізімін жасадым. Падишаһтың құзырына шығуға беттегенім
сол-ақ екен, бір телеграф келді. Падишаһқа Стамбул Лалелі поштасы
қызметкерлерінің бірі жіберген екен. Бейшара қызметкер, телеграфында
әйелініңосытүні босанатынын, босануыныңқиын, қауіпті болатындығын
дәрігерлердің ескерткендігін, бірақ ешқандай мүмкіндігі жоқ екендігін,
сондықтан падишаһтың мейіріміне бас ұратындығын жазыпты.
Мен бұл телеграфты падишаһқа апаруды жөн көрмей, тізімге
қоспадым. Алайда падишаһ мәселенің барлығына көз жүгіртіп болғаннан
кейін маған қарап: «Басқа ешнәрсе жоқ па?» - деп сұрады.
Мен: «Тіркеуге лайығы жоқ», - деп жауап бердім.
Падишаһ алған бетінен қайтпай, сұрағын қайта қайталап: «Сен
тіркеуге лайық болмаған нәрсені айт», - деді.
Мен сол әлгі телеграфты айттым. Бұл мәселені құзырына шығып,
білдіруді жөнкөрмегенімді де айтып салдым.Мұңайып: «Дереу әкеліңіз»,
- деп әмір етті.
Аң-таң болып, телеграфты алып келдім. Падишаһ оны мұқият оқып
шықты. Артынша мен ойлағанның терісін жасап, дереу сарай дәрігерін
шақыртып алды. Маған қарап: «Қазір дереу Лалеліге бірге барып,
босанатын әйелге қажетті көмекті көрсетіңіздер», - деп әмір етті.
Падишаһтың әміріне сай сарай дәрігерімен бірге әлгі қызметкердің
үйіне бардық. Міндетімізді орындап, таңға жақын ауруханадан сарайға
кері қайттық. Сарайға кіргенімізде, есіктің дауысын естіген падишаһ
келгенімізді аңғарып, пердені ашып «келіңдер» деп қолымен ишарат етті.
Бөлмесінің шамдарыжанып тұр екен. Демек таңға дейін құлшылық және
дұға етумен айналысқан. Құзырына кірдік. Нәтижені сұрады. Уақиғаны
толықтай баян еттім.