Previous Page  157 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 462 Next Page
Page Background

(

157

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Ұхуд соғысы болған күні Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) кездестім. Одан:

– Әкемнің жағдайы қалай? - деп сұрадым.

– Әкең шәһит болды. Аллаһ оны мейіріміне бөлесін, - деп жауап

берді. Жылай бастадым. Мені қолына алып, басымнан сипады. Көлігіне

мінгізді. Кейін:

– Мен әкең, Айша анаң болуға разы емессің бе? - деп сұрады. Мен:

– Әке-шешем саған құрбан болсын уа, Аллаһтың Елшісі! Әрине

разымын, - дедім.

Қазір шашыма ақ түсті. Ал Аллаһ Елшісінің мубарак қолы тиген

жерлер яғни сол жақ беті әлі түсін жоғалтпады, қап-қара күйінде

қалды».

96

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қаза болған кіші қажылықтан Мәдинаға кері

қайтуға бет алған еді. Меккеден шыққаны мұң екен соңынан Хазірет

Хамзаның қызы Умама (р.а.) жүгіріп:

– Көкешім, көкешім, - деп айқай салды. Хазірет Әли оны қолынан

ұстап, Фатимаға (р.а.) беріп:

– Көкеңнің қызын қасыңа алып ал, - деді. Мәдинаға келіп жеткенде

Умаманы бағып қағуды өз мойнына алу үшін Хазірет Әли (р.а.), Зәйд

(р.а.) және Хазірет Жағфар (р.а.) таласқа түсті. Хазірет Әли (р.а.):

– Ол менің көкемнің қызы. Оны бағып-қағуға толығымен құқығым

бар, - деді. Хазірет Жағфар (р.а.):

– Ол менің де көкемнің қызы. Әрі мен оның әкпесіне (шешесінің

сіңлісі) үйленгенмін, - деп даурықты. Хазірет Зәйд:

– Ол менің бауырымның қызы, - деп таласты. (Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

Зәйд пен Хамзаны бір-біріне бауыр қылғантұғын).

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Умаманы әкпесінің қасында қалсын деп үкім

етіп:

– Әпке, ананың орнын басады, - деді. Кейін Хазірет Әлиге (р.а.)

қарап:

– Сен менікісің, ал мен сенікімін, - деді.

Хазірет Жағфарға (р.а.) бұрылып:

– Жаратылысың және ахлағың маған нендей қатты ұқсаған, - деді.

Зәйдке қарап:

– Сен біздің бауырымызсың. Әрі азат еткен азаматымызсың, -

96. Бұхари, әт-Тарихул-Кабир, Бейрут, 2001, II, 65; Әли әл-Муттақи XIII, 298/36862.