¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
162
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сөздерін пақырларға, мұқтаж жандарға жария етпей, іштерінен айтады.
Міне осыған ишарат ету үшін аяттағы «деп айтады» деген сөз тікелей
айтылмай, жасырын айтылған.
***
Сахабалар мен табиғиндер дәуірінде өмір сүрген Хасан Басри (р.а.)
былай деп әңгімелейді:
«Бір жетім бала бар болатын. Ибн Омар (р.а.) оны әрдайым үйіне
шақырып, тамақтандыратын. Бір күні ибн Омар (р.а.) тамақ жеуге бет
алған еді. Жетімді іздеп, таба алмады. Тамағын жеп болғаннан кейін,
жетім келді. Ибн Омар жетім үшін тамақ сұратты. Бірақ тамақ таусылып
қалған екен. Ол жетімге сәуқ (қуырылған ұн) пен бал әкеліп: «Кел,
мыналарды жеп ал. Уаллаһи, сен алданған жоқсың (яғни, мен де бұдан
жақсысын жемедім)», - деді.
Бұл уақиғаны риуаят еткен Хазірет Хасан Басри: «Уаллаһи, ибн
Омар (р.а.) да алданған жоқ. (Өйткені бұл әрекетімен үлкен сауапқа қол
жеткізді)», - деді»
(Бұхари, әл-Әдәбул-Муфрад № 134; Әбу Нұғайым, Хиля I, 299)
.
Хасан Басри (р.а.) тағы да былай деп жеткізеді:
«Мұсылмандардың ғажап дәуіріне куә болдым. Бір кісі таңертең
жанұясына: «Уа, жанұям! Жетімдеріңе, маңайдағы пақырларға,
көршілерге көз қырларыңды салып жүріңдер. Оларға жақсы мәміле
жасаңдар», - деуші еді. Ал қазіргі таңда жақсылық, игілік атаулы қалмады
сендерде. Әрі күннен күнге ахлақи тұрғыдан төмендеп барасыңдар.
Өкінішке орай қазіргі таңда біреудің пасық болып, отыз мың кісімен
бірге тозаққа кетіп бара жатқандығын көре аласың. Оған не болған?
Аллаһ сазайын берсін. Ол Аллаһтан келген нәсібін, бір ешкінің құнына
(өте аз бағаға) сатып жіберген.
Сонымен қатар, қаласаң біреудің барша тұрғыдан зиянға ұшырап,
шайтанның жолын ұстануды тілеп жүргендігін көресің. Ар-ожданы яки
адамдардың ешбірі оған насихат айтпайды»
(Бұхари, әл-Әдебул-Муфрад №
139)
.
***
Хазірет Сәри Сақати былай деп әңгімелейді:
«Бір мейрамда Мағруф Кәрхиді көшеде құрманың дәндерін жинап
жүргендігін байқап қалдым. Жанына келіп, себебін сұрадым. Ол маған
қарап: «Мына жерде бір бала жылап жүр екен. Қасына барып, неге жылап
жүргендігін сұрадым. Олмағанжетім екендігін, достарының киімі секілді
киімінің жоқтығын, олардың ойыншықтары тәрізді ойыншығының
жоқтығын айтып салып көз жасына ерік берді. Айтқан сөздері жүрегімді