Previous Page  168 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 168 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

168

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бибі Айша (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Сағд ибн Муғаз Хәндәк ғазауатында қолының күре тамырынан

жараланды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған арнайы мешіттің ішінде шатыр

құрдырды. Ниеті, оны жиі-жиі көріп тұру, көңілін сұрау (оған жақын

болып, оның мұқтаждықтарымен айналысу) еді»

(Бұхари, Мағази 30)

.

***

Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) қызмет ететін яһуди бір бала бар еді. Бір күні

ол сырқаттанып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның көңілін сұрап

шығу үшін үйіне жол тартты. Бас жағына отырып: «Мұсылман бол», -

деді. Бала жанында тұрған әкесіне қарады. Әкесі көптеген жылдар бойы

тек жақсылық пен игілік көріп келген Аллаһ Елшісін меңзеп: «Ұлым!

Әбулқасымның айтқанын орында», - деді. Бала мұсылмандықты қабыл

етті. Аллаһ Елшісі аурудың көңілін сұрап шыққаннан кейін: «Оны

тозақ отынан құтқарған Аллаһқа мадақ»,-деп шексіз қуанышын білдірді

(Бұхари, Жанайз 80)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сырқаттанып қалған сахабаларына, шалдыққан

дертіне шипа болатын кейбір дұғаларды үйреткен еді. Солардың бірі

Осман ибн Әбул-Ас өзінің бойынан сезінген сыздауды Аллаһ Елшісіне

келіп айтты. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Денеңнің ауырып тұрған жеріне

қолыңды қойып, үш мәрте «бисмиллә» де, жеті мәрте:

«Менің бойымдағы бұл аурудың әрі сақтанып жүрген нәрселерімнің

жамандығынан Аллаһқа және Оның құдіретіне сыйынамын», - деп айт»,

- деді»

(Мүслим, Сәлем 67)

.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл өсиетін мүлтіксіз орындаған Осман

ибн Әбул-Ас: «Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) айтқанын толықтай жүзеге

асырдым. Аллаһ дертіме шипа берді. Бұдан кейін бұл дұғаны жанұяма

және өзге кісілерге насихат еттім», - дейді

(Әбу Дәуіт, Тыбб 19)

.

Сонымен қатар, дұғалар шын пейілділікпен және салих амалдармен

күшейтілуі қажет. Мінекей осындай ықыласпен етілген дұғалар,

Раббымыздың жомарттығы мен игілігінің саясында қабыл болады.

***

Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деп хикая етеді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сырқаттанып қалған бір кісінің көңілін сұрап

шығу үшін, оның үйіне бет алды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның бас

жағына отырып: «Не қалайсың?» - деп сұрады.