Previous Page  167 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 462 Next Page
Page Background

(

167

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сырқаттан: «Қандай амалыңның саған көмегі

тиюде?» - деп сұрады.

Науқас: «Мен су таратушы едім», - деп жауап берді»

(Хайсами II, 322-

324)

.

***

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сырқаттың көңілін сұрап

шығуға қатысты көзімен көрген уақиғасын былай деп нақыл етеді:

«Біз Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) бірге отырған едік. Тұсымызға ансардан

бір кісі келіп, сәлем берді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған қарап: «Уа,

ансардың бірі! Бауырым Сағд ибн Убада қалай?» - деп сұрады.

Ол: «Беті бері қарап келе жатыр», - деп жауап берді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Кім менімен бірге барып, оның көңіліп

сұрап шығады?» - деп сұрап, орнынан тұрды. Біз де он, он бес кісі

орнымыздан тұрдық. Аяғымызда аяқкиіміміз, мәсіміз, басымызда басқа

киетін нәрсеміз, үстімізге киетін көйлегіміз жоқ еді. Тақырлау жермен

жүріп, Сағдтың үйіне жеттік. Туыстары, Пайғамбарымыз (с.а.у.) және

сахабалары Сағдқа жақындасын деген ниетпен кері шегінді»

(Мүслим,

Жанайз, 13)

.

Басқа бір риуаятта ибн Омар (р.а.) былай дейді:

«Сағд ибн Убада (р.а.) ауырып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)

Абдуррахман ибнАуф, Сағд ибнӘбуУаққасжәне Абдулла ибнМасғұдты

қасына алып, Сағдтың көңілін сұрапшығуға беттеді. Сағд қатты қиналып

жатыр екен.Жанұясыжанынажиналып алыпты. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Көз жұмды ма?» - деп сұрады.

Маңайындағылар: «Жоқ. Аллаһтың Елшісі! (өлмеді)», - деп жауап

берісті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) (Сағдтың ауыр халіне қайғырып) көз жасына

ерік берді. Оның жылағанын көрген сол жердегілер қосылып жылады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Білмейсіңдер ме? Шынында Аллаһ Тағала

көз жасы мен жүректің қайғыру себебінен адамды азаптамайды. Бірақ

қолымен тіліне нұсқап: «Міне мынаның кесірінен азапқа тартады, яки

кешірім етеді», - деді

(Бұхари, Жанайз 45, Талақ 24; Мүслим, Жанайз 12)

.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сөзімен,

марқұмның артынан жағымсыз сөздер айтудың, үсті-басты жыртып

айқайлаудың дұрыс еместігін білдіргісі келді. Разылық пен тәслимият

(бойұсынушылық) танытып, Аллаһқа сыйынып сабыр етудің һәм

марқұм үшін һәм артта қалған тірілер үшін Хақ Тағаланың мейірімдігі

мен рақымдылығына себепші болатындығын баян етті».

***