Previous Page  163 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 462 Next Page
Page Background

(

163

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тілімдеп кетті. Сол үшін мына дәндерді жинап жүрмін. Бұларды сатып,

оның қалаған киімін, ойыншығын сатып аламын», - деді.

Оның бұл сөздері маған қатты әсер етіп Хазірет пірден: «Рұқсат

етіңіз! Бұл баланың мәселесімен мен айналысайын. Қам жемеңіз», -

дедім. Кейін баланың мұқтаждықтарын өтедім.

Осы ізгі ісінің берекетін Сәри Сақати: «Ішкі жан сарайымда бұл істен

кейін нұр пайда болды. Рухани тұрғыдан көптеген ләззатқа бөлендім», -

деп жеткізеді.

***

Бір мың тоғыз жүз он сегізінші жылғы соғысты тоқтату келісім-

шартынан кейін, Стамбұл қоршауда қалған қиын күндерде жетімдерді

бағып-қағатын мекемелер ғимаратсыз қалған еді. Бірақ ата-бабамыздың

ерекше сезімталдығының, мейірімділігінің арқасында жетімдер көше

кезіп, қаңғып кетпеді. Бос тұрған сарайлар жетімдерге баспана ретінде

берілді. Стамбұлдың ішіндегі, сыртындағытіпті КағытханадағыШағлаян

сарайы тағыда басқа көптеген сарай бұл іске арналды.

98

Сонымен қатар сол күндері армян бандиттік топтары Стамбұлды

қан қылып, мыңдаған жанның өліміне себепкер болды. Көз жұмғандар-

дың артынан төрт мың еркек жетім бала, екі мың жетім қыз қалды. Олар

қараусыз қалып қойған жоқ. Казым Қарабәкір паша оларды өз қорғауы-

на алды. Кейінірек бұл балалардан «гүрбүзлер» әскерін жасақтады. Же-

тімдер өз қалауымен отанға, халыққа қызмет етті. Қысқа мерзімді оқудан

кейін, әр біреуі өзіне ұнаған мамандықты таңдады. Бұлардың арасынан

баспада жұмыс істегендер «ұлттық күрес» жылдарында Сарықамыста

«Варлык» газетін шығарып, күреске қолдау көрсетті.

***

Қысқасы, өлім хақ. Кез келген сәтте келіп, есік қағуы әбден ықтимал.

Біз қайтыс болғанда артта қалған жанұямызға, балаларымызға жақсы

мәміле жасалуын шын жүректен қалайтын болсақ, маңайымыздағы

жесірлер мен жетімдерге жақсы мәміле жасап, оларға көз қырымызды

салып жүруіміз қажет. Оларды Аллаһтың аманаты ретінде қабыл

етуіміз керек. Материалдық және рухани тұрғыдан қол ұшын беріп,

әсіресе діни тәрбиесімен айналысуымыз ләзім. Әрі Хақ Тағаланың

олардың дұғаларына орасан зор берекет беретіндігін жадымыздан

шығармайық. Олардың әрбіреуінің ақыреттік сауапқа қол жеткізуге

себепкер болатындығын сезініп, мұқтаждықтарын өтеу, құлды Аллаһқа

жақындататын игі істердің бірі болып табылады.

98. Хидаиет Нухоғлы, «Дарул Әйтам» ДИА, Станбул 1993, VІІІ, 521.