Previous Page  159 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 462 Next Page
Page Background

(

159

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қайталады. Шешем келгенде, болған уақиғаны оған айтып бердім. Оның

қуанышында шек жоқ еді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) шешеме қарап: «Сен

бұл балалардың күнкөрісі мен бағылып-қағылуын еш уайымдама. Бұл

дүниеде және ақыретте олардың уәлиі (бағып-қағатын, кепіл болатын

кісісі) менмін», - деді

(Ахмед I, 204-205; Әбу Дәуіт, Таражжул 13/4192; ибн Хишам

III, 436; Уақиди II, 766; ибн Сағд IV, 37)

.

АбдуллаибнЖағфар(р.а.)ғаламныңмақтанышыПайғамбарымыздың

(с.а.у.) өзіне жасаған жақсы мәмілесін мына төмендегі уақиғада баян

етеді:

«Есімде жақсы сақталыпты. Бір күні мен, Хазірет Аббастың екі

ұлы Құсам мен Ұбайдулла үшеуміз балалық шағымызда көшеде ойнап

жүрген едік. Кенеттен көлігіне мінген Аллаһ Елшісі (с.а.у.) шыға келді.

Мені көрсетіп: «Мынаны маған көтеріп беріңдерші», - деді. Мені

алдына отырғызып алды. Кейін Құсамды нұсқап: «Мынаны да көтеріп

жіберіңдерші», - деді. Оны артына мінгізіп алды.

Кейін басымды үш мәрте сипады. Әр сипағанында:

«Аллаһым!

Жағфардың балаларына көз қырыңды сала жүр»

, - деп дұға етті

(Ахмед I,

205; Хаким III, 655/6411)

.

***

Сахабалардың бірі Әбу Умама (р.а.) қайтыс болардан алдын «Кабша,

Хабиба және Фариа» атты кішкене қыздарын Аллаһ Елшісіне (с.а.у.)

аманат еткен еді. Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларды

өз қорғауына алды. Әрі барлық мұқтаждықтарымен етене танысып

өтеуге күш салатын. Олардың пайғамбарлық тәрбиеде өсіп-жетілулеріне

мүмкіндік берді.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзі үйленген жесір әйелдердің балаларын

бауырына басып, оларды өз балаларындай көріп тәлім, тәрбиесіне үлкен

көңіл бөлген. Анамыз Умму Салама (р.а.) көп балалы екендігін айтқанда

адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Оларды қорғау жүзеге

асады», - деген еді

(Нәсаи, Неке, 28)

.

Осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тәрбиесінде жетілген бұл

жетімдер, кейін хадис, фиқһ секілді ислами ғылымдарда әжептәуір

салмағы бар әйгілі ғалымдарға айналды.

***

Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Пайғамбарамыз (с.а.у.) ажалы таяғанда, қасында болған едік. Бізге

қарап үш мәрте:

«Намаз жайында Аллаһтан қорқыңдар», - деп айтты.

Кейін: «Қол астарыңдағы адамдар жайында Аллаһтан қорқыңдар! Екі