Previous Page  161 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 462 Next Page
Page Background

(

161

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әйелдің үйіне барғанымызда, тамақ пісіруді өз мойнына алды. Ол

бір жағынан қазанның астын үрлеп, бір жағынан қазанды араластырып

жатты. Тіпті түтін сақалының арасынан шығып жатты. Осылайша асты

әзірледі. Қазанды ошақтан түсіріп, балаларды өзі тамақтандыра бастады.

Балалар тойғаннан кейін, дастарқаннан кері шегініп қарсы алдына

отырды. Кейпі арыстан тәрізді айбарлы еді. Бір нәрсе деуге тайсалдым.

Балалар бір-бірімен ойнап, сықылықтап күлгенге дейін отырған орнынан

тапжылмады. Кейін орнынан тұрып: «Ей, Әслам! Олардың қарсы

алдында неге отырдым? Білесің бе? Оларды алғаш көргенімде жылап

отырған еді. Күлгендерін көргенше орнымнан тұрғым келмеді. Олардың

жүзіне күлкі үйірілгенде ғана көңілім жай тапты», - деді

(Әли, әл-Муттақи

XII, 648/35978)

.

***

Ибн Аббас (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Хазірет Әли (р.а.) бір күні түні бойы біреудің құрма бауын суғарып

шықты. Ақысына белгілі мөлшерде арпа алды. Таң рауандап атқанда

арпаны арқалап үйіне келді. Жанұясымен бірге әкелген арпасының

үштен бір бөлігін үгітіп «хадиира» деген ас әзірледі. Тамақ пісіп қалды-

ау деген шақта есіктің алдына бір пақыр келіп, ас сұрады. Олар піскен

асты сол күйі әлгі пақырға бере салды. Кейін тағыда үштен бір бөлігін

үгітіп, жанұясымен бірге тамақ дайындады. Тағыда тамақ пісіп қалды-ау

деген шақта, бір жетім келіп тіленді. Олар бұл жолғы әзірленген асты

да жетімге піскен күйінде беріп жіберді. Соңғы қалған бөлігін үгітіп,

қайтадан ас әзірлей бастады. Тамақ пісті-ау деген уақытта мүшрік бір

тұтқын есіктің алдына келіп тіленді. Соңғы асын оған беріп, олар сол

түнді аш болып өткізді.

Басқа бір деректе Хазірет Әлидің (р.а.) жанұясы үш күн қатарынан

ауыз ашарға әзірлеген астарын пақырлар мен жетімдерге, тұтқынға

беріп, өздері сумен ауыз ашты. Осы уақиғадан кейін төмендегі мына

аяттар түсті:

«

(Олар)

өздерінің тәбеті, мұқтаждығы бола тұра, қолындағы

тамағын пақырға, жетімге, тұтқынға береді.

(Олар)

күмәнсіз: Сендерді

тек Аллаһ разылығы үшін тамақтандырамыз! Сендерден ешқандай

төлеу немесе алғыс күтпейміз!». Біз бәлелі, машақатты күнде

Раббымыздың

(қаһарына ұшыраудан)

қорқамыз!» - дейді. Сондықтан

Аллаһ Тағала оларды сол күннің жамандығынан сақтап, жүздеріне нұр

мен қуаныш ұялатады»

(Инсан сүресі, 8-11 аяттар); (Уахиди, 470 бет; Замахшари

VI, 191-192; Рази XXX, 244)

.

Жоғарыдағы аятта Хақ Тағаланың мадақ еткен құлдары, инфақ етіп

жатып:

«Сендерді тек Аллаһ разылығы үшін тамақтандырамыз!»

деп

айтатындары байқалады. Бірақ олар, Аллаһтың жомарт құлдары бұл