Previous Page  160 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

160

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

халі төмен жандар жайында Аллаһтан қорқыңдар! Олар: «Жесір әйел

және жетім бала. Намаз жайында Аллаһтан қорқыңдар»

, - деді.

Артынша: «Намаз, намаз», - деген сөзді қайталай бастады. (Тілі

күрмеліп, айтуға шамасы жетпей қалған шақта да) жаны кеудесінен

шыққанша осы сөзді ішінен қайталап жатты»

(Бәйһақи, Шұғаб VII, 477)

.

***

Хазірет Айша анамыз (р.а.) бауыры Мұхаммедтің жетім қыздарын

қамқорлығына алып, оларды жақсы тәрбиелеген еді

(Муатта, Зекет 10)

.

***

Хазірет Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Халифа Әбу Бәкірдің халифалығының тұсында Мәдинаның

шеткі махалласында соқыр кәрі әйел тұратын. Күніге оған соғып,

мұқтаждықтарын өтеуді ойлаушы едім. Бірақ әрдайым барғанымда

менен бұрын біреудің келіп оның істерін атқарып, мұқтаждықтарын

өтеп жүргендігін байқадым.

Бір күні «бұл сауапты істі кім істеп жүр екен?» деп ойлап, таңертең

ерте келіп үйдің маңайында жасырынып отырдым. Кімді көрді дейсің

бе? Күніге келіп, әйелдің қажетті істерін атқарып жүрген салих жан

Хазіреті Әбубәкір (р.а.) екен. Қарсы алдымда оны көргенде: «Өз өміріме

ант етейін, ол сенсің», - дедім.

97

***

Сахабалардың бірі Әслам (р.а.) өз көзімен көрген уақиғасын былай

деп тілге тиек етеді:

«Омармен (р.а.) бірге бір күні түнде Мәдинаның Уақым төбелерінің

маңайында кезіп жүргенбіз. Бір үйден жылаған балалардың дауысын

естіп солай қарай беттедік. Үйде маңайында балалар бақырып жылап

отырған бір әйел бар екен. Ошақта су толы қазан қайнап жатты. Хазірет

Омар (р.а.) әйелден балалардың неге жылап отырғандықтарын сұрады.

Әйел: «Аштықтан», - деп жауап берді.

Омар (р.а.) қазанның балаларды жұбату үшін қайнап жатқандығын

аңғарды. Әрі әйелдің балаларын осылайша алдап ұйықтатындығын

түсініп, көз жасына ерік берді. Дереу зекет дүние-мүліктері жиналып

тұратын қоймаға жөнелді. Бір қап ұн және тағыда басқа азық-түлікті

қоймадан алып, иығына салып алды. Қапты мен арқалайын деп едім,

Омар көнбеді. Маған қарап: «Ей, Әслам! Мен арқалаймын. Өйткені

олардың есебі ақыретте менен сұралады», - деді.

97. Суюти, Тарихул Хуләфа, Мысыр 1969, 80-бет. Рамазаноғлу Махмуд Сами, Хазирети

Ебу Бекир Сыддык, Станбул 1985, 120-бет.