Previous Page  158 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

158

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

деді. Осылайша әрқайсысына жылы лебіз айтып, ешкімнің көңілін

қалдырмады

(Бұхари, Мағази 43, Сулх 6, Умра 3; Мүслим, Жиһад 90; Әбу Дәуіт, Талақ

35)

.

Хазірет Әли (р.а.) әңгімесін былай деп тәмамдайды:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Зәйдке қарап, жылы лебізін білдіргенде

Зәйд қатты қуанғаны соншалық, жалғыз аяғының үстіне тұрып

Пайғамбарымызды (с.а.у.) айнала бастады. Жағфарға (р.а.) лебізін біл-

діргенде, ол да Зәйдке ұқсап айналды. Маған қарап лебізін білдірген-

де мен де Жағфардың (р.а.) артынша жалғыз аяғымның үстіне тұрып,

секіре бастадым»

(Ахмед I, 108; Уақиди II, 739)

.

***

Хазірет Жағфардың әйелі Әсма бинти Умайыс былай деп әңгілейді:

«Жағфар және жолдастары шәһид болған шақта Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

үйге келді. Сол күні қырық тері илеген едім. Нан пісіретін қамырымды да

илеп қойғантұғынмын. Балаларымның беттерін жуып, шаштарын тарап

майлаған едім. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: «Ей, Әсма! Жағфардың

балалары қайда?» - деп сұрады. Кейін оларды шақырып алып бауырына

басты. Беттерінен сүйіп, маңдайларын иіскеді. Көздерінен жас парлап

аға бастады.

«Уа, Аллаһтың Елшісі! Әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Неге

жылап жатырсың? Неге балаларыма жетімдер сияқты мәміле жасап

жатырсың? Әлде Жағфар және жолдастары жайлы қайғылы хабар жетті

ме?» - деп сұрадым.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә. Олар бүгін шәһит болды», - деп жауап

берді.

«Аһ, мырзам! Аһ, Жағфарым!» - деп айқай салып жылай бастадым.

Ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыз (с.а.у.) қызы Фатимаға (р.а.)

барып: «Жағфардың жанұясы үшін ас әзірлеңдер! Олар бүгін басына

түскен қайғыдан қолдары босамай жатыр», - деді.

Жағфардың отбасына үш күн қатарынан ас апарылды. Адамзаттың

асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Жағфардың үйіне үш күн бойы соқпады.

Үш күннен кейін келіп: «Бауырым үшін жылауды доғарыңдар. Бүгіннен

бастап бауырымның балаларына қарау менің міндетім», - деді.

Хазірет Жағфардың ұлы Абдулла (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізді құстың балапаны секілді аялап, үйіне

ертіп әкелді. Кейін: «Маған бір шаштараз шақырыңдар», - деп әмір етті.

Шаштараз келіп шашымызды алды. Аллаһ Елшісі қолдарын көтеріп:

«Аллаһым! Жағфардың жанұясына тек жақсылық нәсіп ет. Абдулланың

қолын сауда-саттықта берекелі қыл», - деп дұға етті. Дұғасын үш мәрте