¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
156
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
шақырмайды»
(Мағұн сүресі, 1-3 аяттар)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.)жетімдергежақсымәмілежасағанмүминдерге
мынадай сүйінішті хабарды жеткізеді.
«Жетімге қамқор болған кісі және мен, мына екеуі секілдіміз»
, - деп
айтып сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып көрсеткен еді
(Бұхари, Әдеп 24, Талақ 14)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мұсылмандарды үмбетінің халі төмен, қараусыз
қалған жандарына игілік жасауға үгіттейді. Оны төмендегі мына
хадистерде көреміз:
«Мұсылмандар үйлерінің арасындағы ең қайырлы үй, жетіміне жақсы
мәміле жасаған үй. Ал ең жаман үй, жетіміне нашар мәміле жасаған үй»
(Ибн Мәжә, Әдеп 6)
.
«Кез келген біреу, мұсылмандардың арасында жүрген жетімді үйіне
апарып ішіп-жегізіп тойғызғаннан кейін кешірілмес күнәлардың бірін
істемесе, Аллаһ Тағала оны міндетті түрде пейішке кіргізеді»
(Тирмизи,
Бирр 14/1917)
.
«Біреу тек Аллаһ разылығы үшін, бір жетімнің басын сипаса, оған
қолы тиген әрбір шаштың мөлшеріндей сауап беріледі»
(Ахмед V, 250)
.
Сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, жүрегінің
қатыгездігін айтып шағымданған еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Егер жүрегіңнің жұмсаруын қаласаң,
пақырды тойдыр, жетімнің басын сипа!»
- деп жауап берді.
Абдуррахман ибн Абза (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.):
«Жетімге
рақымды әке секілді (мәміле жаса)»
, - деп айтқандығын нақыл етеді
(Хайсами VIII, 163)
.
Дүниеге көздерін жетім болып ашқан ғаламның мақтанышы
Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмбетінің жетімдеріне әрдайым қамқор болатын.
Күллі адамзат баласына үлгі боларлық Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Мен, әр
мүминге өзінен жақынмын. Біреу бақилық болып, дүние-мүлік қалдырса,
ол дүние-мүлік туыстарына қалады. Ал қарыз яки жетімдер қалдырса,
жетімдеріне қарау менің міндетім»
, - дейді
(Мүслим, Жұма 43; ибн Мәжә,
Муқаддима 7)
.
Міне осындай ұлы тұлға пайғамбарымыз (с.а.у.) әрбір мұсылман
баласына рақымдылық, мейірімділік, халықшылдық және тағы да басқа
игі тұрғыдан үлгі болары хақ.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Бәшир ибн Ақраба (р.а.) былай деп әңгімелейді: