¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
152
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мен: «Сұлтаным! Әйелдің босануы өте қиын болды. Құдайға шүкір,
маман дәрігерлердің араласуымен әйел аман қалды. Бір еркек сәби
дүниеге келді. Әке-шешесі атын Абдулхамид деп қойды. Таңға дейін
ұлық мәртебеңіздің ұзақ өмірлі болуын тілеп, дұға етіп шықты», - дедім.
Бізді тұрып тыңдаған халықтың мейірімді әкесі падишаһ, менің
сөздерімнің соңында терең тыныс алып: «Құдайға шүкір», - деді. Кейін
перденің артына өтіп, екі бас (рәкағат) шүкір намазын оқыды.
***
Әуелі православ дінінде болып, кейін Хазірет Мәулананың
«мәснауиінің» берекеті арқылы тура жолға түскен ұстазым Яман Деде
өте сезімтал, Пайғамбарды жан-тәнімен сүйген кісі болатын. Аллаһ
Елшісінің сахабаларының көркем ахлағы оның бойынан табылатын.
Төмендегі мына уақиға оның қандай ғажап тұлға болғандығын көрсетуге
жеткілікті болса керек:
«Бір күні дәрісте оқушыларының бірі: «Ұстазым! Ауыр күнә істеп
күнәһар болуды ма? Әлде алапес ауруына шалдығуды артық көресіз
бе?» - деп сұрайды.
Яман Деде: «Аллаһтың құлдарының ішкі жан сарайынан, көңілінен
бір сәтке ұзақ болып, сезімсіз қалудан тірідей жанып күл болуды артық
көремін», - деп жауап береді».
Мінекей ислам дінінің адамзат баласына тарту еткен өзгешілдігі,
көпшілдігі, мейірімділігі және махаббат көкжиегінің кеңдігі осындай.
***
Стамбулда анархияның өршіп тұрғаншағында болған мына төмендегі
уақиға, мұқтаж жандардың дертіне ортақ болудың бұл дүниедегі
берекетін көрсететін өнегелі хикая болып табылады.
Бес-алты ұрлықшы үлкен дүкенге кіріп, дүкен иесіне кассадағы барша
ақшаны беруін талап етеді. Қарт шарасыз күйде қалып, кассаның кілтін
қолына алғаны сол-ақ екен ары-бері өтіп жатқандарды бақылап тұрған
ұрлықшылардың бірі қартты байқап қалып, дереу жүгіріп жанына келді.
Қартты өз кеудесімен жауып, қолындағы қаруын жолдастарына кезеп:
«Бұл жерден бір тиын алмастан кетеміз», - деп айқайлады.
Көзді ашып жұмғанша мұндай өзгерісті күтпеген жолдастары аң-таң
болып: «Тыныштық па? Бұл жерге келгенге дейін талай дүкенді тонадық.
Жақ ашпадың. Не болды саған дереу өзгеретіндей? Тұр былай! Ісімізді
жалғастырайық», - десті.
Бірақ ол жолдастарына кедергі болуға шешім қабылдап, һәм
қатты қысылып: «Жоқ! Бұл жерден бір ине алмастан кетеміз. Қарсы
шықпаңдар.Мені өлтірместен, бұлдүкенненсендерге көк тиынжоқ. Біліп