Previous Page  150 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

150

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

кәміл көрінісі осылай болатын шығар, сірә.

***

Баязит Бистами былай деп әңгімелейді:

«Біздің уақытымызда көптеген әулие бар болатын. Бірақ ғасырдың

құтыптығы Әбу Хафыс атты ұстаға берілген еді. Мұның сырын білмекші

болып, оның дүкеніне бас сұқтым. Қатты мұңайып отыр екен. Себебін

сұрадым. Мұңайған дауыспен: «Менің дертімнен үлкен, менен артық

дертті кісі бар ма екен? Дертім мынау, қиямет күнінде осыншама

Аллаһттың құлдарының халі не болмақ?» - деп жауап берді. Артынша

жылап, мені де жылатты. Аң-таң болып: «Халықтың азап тартуына

мұншалықты неге күйінесің?» - деп сауал қойдым.

ӘбуХафыс:«Меніңжаратылысыммейірімділікжәнерақымдылықпен

иленгендігі соншалық, тозақтықтардың баршасының азабы маған

беріліп, оларға кешірім жасалса, мен соған разы болар едім. Әрі дертім

бітер еді», - деп жауап берді.

Мына жауапты естігеннен кейін, Хазірет Әбу Хафыстың «өзім-өзім»

дейтіндерден емес, «үмбетім, үмбетім» деп айтатын Пайғамбардың

(с.а.у.) жолын ұстанатындардан екендігін аңғардым. Оның қасында біраз

уақыт қалып қойдым. Оған Құран Кәрім сүрелерін тәлім еттім. Бірақ

қырық жыл бойы оқып, түйсіне алмаған дәрежеге соның арқасында қол

жеткіздім. Яғни, негізгі тәлім берген мен емес, ол еді. Ішкі жан-дүнием

Раббани файызға толды. Жақсы түсінген нәрсем, құтбият айрықша

бөлек дүние екен. Ізгілік, артықшылық тек білім мен құлшылықта емес,

олардың ғарифтікке жол бастауында, Хақ Тағаланың берген қабілеті мен

бағытында екен».

***

Сәри Сақати бір күні дәрісте шәкірттеріне:

«Мүминдердің дерттерін

өзіне дерт етпеген олардан емес»

,

91

- деген хадис-шәріпке түсініктеме

беріп жатқан еді. Дәл сол шақта бір шәкірті бөлмеге асығып-үсігіп кіріп:

«Ұстазым. Күллі махалла өртеніп кетті. Тек сіздің үй аман қалды», - дейді.

Ұстаз: «Құдайға шүкір», - деп қалады.

Сол уақидан кейін отыз жыл өткеннен кейін бір қадірлі досына: «Мен

сол күні «Құдайға шүкір» деп айтып қалған едім. Азғана уақыт болса да

тек өзімді ойлап, пәлекетке тап болғандардың қайғысынан аулақ болдым.

Мінекей отыз жылдың жүзі болды, сол сәттегі ғапылдығым үшін тәубе

етіп жүрмін», - дейді.

***

91. Хаким ІV, 352; Хайсәми І, 87.