Previous Page  148 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

148

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Олай болса (сенің жағдайың туралы) онымен сөйлесіп көрейін бе?

– Қалауың білсін.

Ибн Аббас аяқкиімін қолына алып, мешіттен шықты. Кісі оған

қарап:

– Сен иғтикафқа кіргеніңді ұмыттың ба? Неге мешіттен шықтың? -

деді. Ибн Аббас (р.а.):

– Жоқ! Ұмытқаным жоқ. Мен мына қабірде жатқан әрі арамыздан

кеткеніне көп уақыт өтпеген қадірлі кісінің (бұл сөздерді айтып тұрғанда

көздерінен жас ағып тұрған еді): «Кімде-кім дін бауырының кез келген

шаруасының соңына түсіп, оны бітіріп берсе, он жыл иғтикафқа кіруінен

артық. Ал расында кімде-кім Аллаһ разылығы үшін бір күн иғтикафқа

кірсе, Хақ Тағала ол кісі мен тозақтың арасында үш ор жаратады. Әрбір

ордың арасының қашықтығы шығыс пен батыстың аралағындай»,-деп

айтқанын естіген едім, - деді

(Бәйһақи, Шұғаб III, 424-425)

.

***

Ұтба ибн Фарқад былай деп әңгімелейді:

«Бір күні Хазірет Омарға (р.а.) құрма мен майдан жасалған бірнеше

кәрзеңке халуа апардым. Ол менен мұның не екендігін сұрады. Мен:

«Ішінде жейтін ас бар. Саған алып келдім. Өйткені таң атқаннан кешке

дейін халықтың ісімен шабасың да жүресің. Үйіңе қайтқанда жақсы бір

азық алып қайтып, бойыңа күш-қуат жинасын деген ой ғой менде», -

дедім.

Хазірет Омар (р.а.) кәрзеңкелердің біреуінің аузын ашып: «Ей, Ұтба!

Құдай үшін шыныңды айт. Мына кәрзеңкелерден әрбір мүмин үшін бір-

бір кәрзеңкеден бердің бе? - деп сұрады.

Мен: «Уа, мүминдердің әміршісі! Барша Қайыс руының дүние-мүлкін

жұмсасам да, әрбір мүминге бір-бір кәрзеңке халуа бере алмаймын», -

деп жауап бердім.

Омар (р.а.): «Олай болса маған керек емес», - деді. Кейін, кәрі әрі

қатып қалған еттің сорпасына, кеуіп қалған нан салынған ас алдырды,

Маған қарап еттің жақсы, жұмсақ жерлерін алыстан келген қонақтарға

тарту еткендігін, ал сіңір мен қатты тұстарын өзінің жегендігін айтты»

(Әли әл-Муттақи XII, 627/35936)

.

***

Әбу Абдуррахман Жәбали былай деп нақыл етеді:

«Римдіктерге қарсы ұйымдастырылған жорыққа шыққанымызда,

Әбу Әйюб әл-Ансаримен (р.а.) бірге бір кемеде болған едік. Басшымыз

Абдулла ибн Қайыс болатын. Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) олжаны