Previous Page  144 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

144

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қасиеттен аулақ болып, өзгешілдік, көпшілдік қасиетке бой алдыруын

қалайды. Аллаһ Тағала бауырының кез келген мұқтаждығын өтеген,

қиыншылығына ортақтасқан жанның дүниелік мұқтаждықтарын өтеуге

және басына түсетін ақырет қиыншылықтарының бірін жоюға өзінің

кепіл болатындығын уәде еткен.

Хақ Тағала Құран Кәрімде

«Мұсылмандарға қанатыңды жай»

, -

деп

(Хижр сүресі, 88-аят)

, Пайғамбарымызға әрі барша мұсылмандарға

кез келген қайғы, пәлекеттің маңында табылып, дін бауырларының

дерттеріне ортақ болуларын әмір етеді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бойында мұндай қасиет болғандарды:

«Аллаһ

Тағала адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар

жаратты. Адамдар мұқтаждықтарын өтеу үшін соларға жөнеледі.

Міне солар, Аллаһтың азабынан аман болатындар»

, - деп сүйіншілейді

(Хайсами VIII, 192)

.

Мұсылмандардың дерттеріне ортақ болған, қайғы-қасіреттің

маңынан табылған мүмин Аллаһ және Оның Елшісі сүйген құл болып

табылады. Ол бұл жағымды қасиетімен әрдайым сауапқа қол жеткізеді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарға жәрдем берудің сыйын, сауабын:

«Біреу менен бір нәрсе сұрағанда кейде араларыңдағы біреу ара түсіп

жәрдем беріп сауапқа қол жеткізсін деген ниетпен әдейілеп кешіктіріп

беремін. Иә, мұқтаж жанның мұқтаждығын өтеу үшін ара түсіңдер.

Сауапқа кенелесіңдер»

, - деп тілге тиек етеді

(Нәсаи, Зекет 65)

.

Басқа бір хадис-шәріпте Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Мұсылман

мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды. Дұшпанға тәслім

етпейді. Дін бауырының мұқтаждығын өтегеннің мұқтаждығын Аллаһ

өтейді. Мұсылманның айыбын жапқан жанның, Аллаһ қиямет күні

айыбын жабады»

, - деп мұсылмандардың арасындағы өзара жәрдемнің

маңыздылығын атап көрсетеді.

Аллаһтың разылығын іздеген кісі, қайғы-қасіреттіңмаңынан табылуы

тиіс. Дерекке сүйенсек, бір күніМұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сені қайжерден

іздейін?» - деп жалбарынған екен.

Аллаһ Тағала оған: «Мені көңілі жабырқаулардың жанынан ізде»,-

деп жауап берді

(Әбу Нұғайым, Хиля II, 364)

.

Бұл ақиқатты толығымен түйсінген Хазірет Әли (р.а.): «Екі нығмет

бар. Қайсысының мені артық сүйіндіретінін білмеймін.

Біріншісі, біреудің мұқтаждағымды өтеп береді-ау деген оймен маған

келіп, шын пейілімен қол ұшын беруімді өтінуі;

Ал екіншісі, Аллаһ Тағаланың әлгі кісінің өтінішін мен арқылы

өтеуі немесе жеңілдетуі. Кез келген мұсылманның басына түскен