Previous Page  141 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 462 Next Page
Page Background

(

141

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мешіттің құрылысында жұмыс істеп жүрген жұмысшылар мен

ұсталарға берілетін күнделікті ақшадан бір жұмысшының ақшасы

артылыпжүргендігібайқалады.Ақшақұмырағасалынатын.Жұмысшылар

мен ұсталар сол құмырадан өзінің пайына түскен ақшаны күнде алып

жүретұғын. Сұрастыра келе, бұл әрекетті пақыр бір жұмысшының істеп

жүргендігі анықталады. Ақшам уақытында әлгі жұмысшы ақшасын

алмастан, мешіт құрылысының басынан кетіп қалып жүр екен. Бәз

біреулер одан мұндай әрекетке не итермелегендігін сұрайды. Жұмысшы

сырының ашылғандығына мұңайып: «Менің тігерге тұяғым жоқ. Сол

себепті мына бес күндік жалған дүниеде еш нәрсе сарп етпедім-ау деген

ойжегідейжейтін. Ең болмаса, мына мешіттің құрылысында тегінжұмыс

істеп, ішкі жан сарайымды шат-шадыман етер бір іс істейін деген ниет

қой менде», - дейді.

Сол маңайда тұрғандар жұмысшыға: «Мырза! Бұл құрылыс

падишаһтың игілігі болып табылады. Сол себепті күнделікті тапқан

ақшаңды алып жүруің керек. Ал алған ақшаңды қалаған нәрсеңе жұмсау

сенің еркіңде», - десті.

***

Явуз Сәлім сұлтан 1517 жылы жиырма екінші қаңтарда Мәмлүктерді

Риданияда қайта жеңді. Осылайша Мысыр, Осман империясының

құрамына толықтай енген болатын. Ұлы сұлтан, Мәмлүк сұлтанының

мәйітін өзі көтерісіп, үлкен қарапайымдылық танытты.

Іс Мысырды бағындырумен шектелмеді. Мәмлүк жауынгерлері көше

соғыстарында қаһармандықпен шайқасты. Ал олардың арасындағы

жүрегінде түгі бар сарбаздар Явузға жөнелді. Олар: «Явузды өлтірсек,

біз жеңеміз», - деп ойлаған еді. Мұны байқаған Синан паша, бұл хабарды

сұлтанға жеткізеді. Ол сұлтанның киімдерін киіп алып, атойлап

шабуылға кірісті. Жауынгерлердің назары соған ауып, оны шәһит

етті. Сұлтан қарамағындағы таңдаулы әскерімен оны өлім шеңгелінен

арашалап алуға үлгермеді.

Явуз сұлтанның жүзінен Мысырды алғаннан соң мұң байқалды. Ол:

«Мысырды алдық! Бірақ Синан пашадан айырылып қалдық!» деуден

танбады. Сұлтан бұл сөздерімен пашасының өлімін, Мысырды алумен

тең көріп тұрғандығы көзге шалынды.

Жеңістен кейін, ақылды әрі талантты қолбасшы Явуз: «Африканың

солтүстігінен Андалусияға кіріп, Балқан түбегі арқылы Стамбулға кері

қайтсам шіркін! Көңіл құрғыр осыны тілейді», - деп ақиқи мұсылманның

тұлғасын көрсетті. Бірақ тосыннан пайда болған қиыншылықтар,

сұлтанның арманын іске асыруға кедергі болды.

Аталмыш қаһарман падишаһ былай дейтұғын: