Previous Page  136 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

136

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Елшісі! Мен жауынгерлерде қалып қойған азықтың барлығын жинайын.

Артынша сіз, азықтың берекесінің артуы үшін дұға етсеңіз қайтеді? Осы

дұрыс емес пе?» - деді.

Бидайы бар бидайын, құрмасы бар құрмасын, (құрманың) дәні бар

дәнін алып келіп, ортаға жиды.

Сол жерде отырғандар Әбу Һұрайраға қарап: «Дәнмен не істеуші

еді?» - деп таңдана сұрады.

Ардақты сахаба: «Оны аузына салып, еметін. Артынша су ішетін», -

деп жауап беріп, әңгімесін былай деп жалғастырды:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дұға етті. Азықтың берекесінің артқандығы

соншалық, барша жан қоржындарын толтырып алды. Аллаһтың мұндай

сыйына риза болған Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһтан өзге тәңір жоқ

екендігіне, әрі мен Оның Елшісі екендігіме куәлік етемін! Осы екі

мәселе жайында күмәнға түспестен Аллаһқа қауышқан жан, міндетті

түрде жәннатқа кіреді», - деді

(Мүслим, Иман 44)

.

Аллаһ жолында осындай ерліктер жасаған сахабалар бай жандар емес

еді. Тіпті құрманың дәнін сорып, аштығын басуға күш салатын. Иә, олар

осындай қиын шақтарда жанкештіліктің теңдессіз үлгісін көрсеткен

болатын.

***

Әбу Ахмет ибн Жахыш (р.а.) Әбу Суфиянның күйеу баласы еді.

Жахыш әуелі Меккедегі үйлерін тастап, Мәдинаға һижрет еткенде Әбу

Суфиянжақынтуыстығынақарамастансолүйлерді иеленіпалады.Күйеу

баласының үйін Амр ибн Алқамаға төрт жүз динарға сатып жібереді.

Мұны естіген Әбу Ахмет өлең жолдап, Әбу Суфиянға тіл тигізеді

(Ибн

Хишам II, 79; Әзрақи, Ахбару Мекке II, 244-245)

.

Бұл кісі Мәдинаға һижрет еткендердің ең соңғысы болатын. Зағип

жан еді. Ол Мәдинаға һижрет етуге бел байлағанда әйелі, яғни Әбу

Суфиянның қызы бұған қарсылық көрсетті. Өйткені әйелі оның

Мәдинаға емес басқа жерге һижрет етуін қалаған еді. Бірақ ол Мәдинаға

жасырын һижрет етіп, Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) қауышады.

Мекке қолға алынып, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хұтпасын айтып

болғанда Әбу Ахмет Харам мешітінің алдына түйесімен келіп: «Аллаһ

үшін! Уа, Абдуманафтың ұлдары! Біздің құқығымызды таптамаңдар!

Аллаһ үшін! Уа, Абдуманафтың ұлдары! Үйімді кері қайтарыңдар!» - деп

дауыстайды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дереу қасына Османды (р.а.) шақырып алады.

Құлағына бір нәрселерді сыбырлап айтып, қуандырды. Хазірет Осман

(р.а.) Әбу Ахметтің қасына барып, бір нәрселерді айтты. Ол да қатты