Previous Page  133 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 462 Next Page
Page Background

(

133

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Фатима бинти Мұхаммед», - деп жауап берді.

Олар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Жанұяңа кірмейтіндерден кімді жақсы

көресің?» - деп сауал қойды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Ол, Аллаһ Тағала көптеген нығметтерге

бөлеген, мен де игілік жасаған жан Усама!» - деді.

Олар: «Одан кейін кім?» - деп сұрады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Одан кейін Әли ибн Әбу Талиб», - деді. Мұны

естіген немере ағасы Аббас (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Ағаң қайда

қалды?» - деді.

Пайғамбар (с.а.у.): «Өйткені Әли һижретте сенен озып кетті. Сенен

бұрын әрекет етті», - деп жауап берді

(Тирмизи, Манақиб 40/3819)

.

***

Сұхайып әр-Руми (р.а.) Аллаһ Елшісіне қауышу үшін Меккеден

Мәдинаға бет алады. Бірақ Құрайыш мүшріктері оны кері Меккеге алып

келу үшін соңынан қуғыншы салады. Артында қуғыншы келе жатқанын

сезген Сұхайып, дереу түйесінен түсіп атысуға оңтайлы жерге жайғасып

алады. Оқшантайынан бір жебе шығарып, қуғыншыларды күтті.

Қуғыншылар оқ атым жерге келгенде, былай деп дауыстады:

«Уа, құрайыштықтар! Сендер менің араларыңдағы ең мерген жан

екендігімді білесіңдер! Сендер маған жеткенше оқшантайымдағы барша

оқты, сендерге жаудырып үлгеремін. Кейін қылышымды қынынан

шығарып, кеудемнен жаным шыққанша сендермен шайқасамын! Содан

кейін қалағандарыңды істеңдер! Бірақ оданша мен сендерге Меккеде

тығып кеткен дүние-мүлкімнің орнын айтайын! Сендер де менің жолыма

кедергі болмаңдар!». Олар бұл ұсынысты қабыл етеді.

86

Сұхайып көп уақыт жоғалтпастан сапарын жалғастырады. Аллаһ

Тағала Мәдинадағы Пайғамбарына (с.а.у.) төмендегі мына аятты

түсіреді:

«Адамдардың арасында Аллаһтың разылығын тілеп, жанын пида

ететіндер де бар. Күдіксіз Аллаһ, құлдарына аса мейірімді»

(Бақара

сүресі, 207-аят)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Сұхайыпты көргенде: «Уа, Сұхайып! Жасаған

сауда-саттығыңның пайдасы мол болды!» - деп сүйіншіледі. Сұхайып

(р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Жолда менен озып кетіп, менің басымнан

өткен уақиғаны Жебірейілден басқа ешкім жеткізген жоқ шығар», - деді

(Хаким III, 450-452)

.

***

86. Ибн Жәузи, Зәдул Мәсир, Бейрут 1987, І, 223; ибн Кәсир, Тәпсір І, 260-261.