(
137
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қуанды. Түйесінен түсіп, мәжіліске келіп қосылды. Бақилық болғанға
дейін Әбу Ахметтің ол үй жайлы сөз қозғағындығын ел естімеді
(Уақиди
II, 841; ибн Сағд IV, 102)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дәл сол күні оны қолынан жетелеп, біраз жүрді.
Артынша төмендегі мына өлең жолдарын оқыды.
«Мекке өте ғажап сай! Мен ешбір жанның көмегінсіз, (бұл жерде)
кезе аламын. Бұл жерде зияратыма келер кісі де көп болады. Менің
қазықтарым, Меккеде қағылған!»
(Хайсами VI, 64)
.
Кейінірек ел Әбу Ахметтен (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сол кезде не
айтты?» - деп сұрайды.
ӘбуАхмет (р.а.): «АллаһЕлшісі (с.а.у.) сабыр етсең, сен үшін қайырлы
болады. Бұл үйіңнің орнына, саған жәннатта бір сарай беріледі деді», -
деп жауап береді
(Әзрақи, Ахбару Мекке II, 245)
.
Әбу Ахметтің жанұясы да: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әбу Ахметке:
«Үйіңнің орнына, саған жәннатта сарай беріледі»,-деп айтқан еді», - дейді
(Уақиди II, 841; ибн Сағд IV, 102)
.
Иә, мұсылмандардың ұстанар ұстанымы, кеудеден ақтық дем
шыққанша дүние-мүлкімен, жанымен, қолдағы барша мүмкіндігімен
Аллаһ жолында қызмет ету болып табылады.
***
Тәбук ғазауатында бір ғана сахаба шәһит болған еді. Бұл сахаба
мүшрік рудың ішінде мұсылмандықты қабыл еткен Абдулла әл-Музани
(р.а.) болатын. Әкесі көз жұмғанда, мирас ретінде ұлына еш нәрсе
қалдырмады. Бай көкесі, оны қамқорлығын алып тәрбиелейді. Уақыт өте
келе басына мал бітіреді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға һижрет еткенде Абдулла (р.а.)
мұсылмандықты қабыл еткісі келеді. Бірақ көкесі кедергі болады.
Пайғамбар (с.а.у.) Меккені «фатх» етіп Мәдинаға оралады. Сол шақта
Абдулла (р.а.) көкесіне келіп: «Уа, көкешім! Мұсылман болуыңды
күтуден шаршадым. СеніңМұхаммедке (с.а.у.) әлі көңілің аумағандығын
байқадым. Ең болмаса, менің мұсылман болуыма рұқсат бер!» - дейді.
Көкесі: «Егер сен Мұхаммедтің (с.а.у.) соңынан ерсең, үстіңдегі
киімнен бастап, саған берген барша дүниемді кері аламын», - дейді.
Абдулла (р.а.): «Мен, уаллаһи, Мұхаммедтің соңынан ердім. Тасқа,
пұтқа табынуды тәрк еттім. Берген дүниеңді алғың келсе, ал!» - дейді.
Көкесі үстіндегі киімінен бастап, берген барша дүниесін кері алады.
Абдулла киімсіз, анасына келеді. Анасы қалың кілемді екіге бөледі.
Абдулла оның біржартысын белінің төменгі жағына, ал екінші жартысын
белінің жоғарғы жағына байлап алады. Шешім қабылданған болатын.