Previous Page  142 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

142

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Батылдық – адамды жеңіске, дер кезінде шешім қабылдай алмау –

қауіп-қатерге, қорқақтық – өлімге бастайды».

Билікжылдарынжорықтардаөткізіп, сарайындатынығудыойламаған

падишаһ да дүниеден өтті. Иә, осындай ұлы сұлтанға қызмет еткенСинан

паша нендей бақытты!

***

Қануни Сүлеймен сұлтан соңғы жорығы «Зигатварға» аттанарда,

бас уәзірі Сокуллы оның құзырына келеді. Сұлтанға қарап: «Сұлтаным!

Мұсылман үмбетіне сансыз жеңістер тарту еттіңіз! Шаршадыңыз!

Ғұмырыңызды ислам әлеміне сарп еттіңіз! Бұл жорыққа жасыңыз

ұлғайған шақта қатысуыңыз машақатты болуы әбден мүмкін. Сол

себепті Стамбулда қалып, билігіңізді жалғастырыңыз! Мен, уәзірлер

және пашалармен бірге жорыққа аттанайын!» - дейді.

Ұлы сұлтан Сокуллыға былай деп жауап береді:

«Ден қойып тыңда Сокуллы! Қазіргі айтар өсиетімді, менен кейінгі

нәсілге жеткіз! Кез келген падишаһ әрдайым жауынгерлерімен бірге

жорыққа аттануы тиіс. Сұлтанды жанында көрген жауынгерлердің

батылдығы арта түседі. Ал дұшпан, арасында падишасы бар әскерді

көргенде, жүрегінде қорқыныш пайда болады. Жеңістің сыры рухани

күште!

Біздің балалық шақтан бері мемлекет билігінде көрген есепсіз

тәжірибеміз бар. Жорықтарда бұл тәжірибеге қажеттілік туып жатады.

Болмашы сәттер, минуттар көбінесе заман ағымының бағытын өзгертеді.

Сол себепті жасым ұлғайып қартайсам да, жорыққа қатысуға бел

байладым!

Сарайда қалып қойып, төсегімде көз жұмсам, ертеңгі күні жиһангер

атамның бетіне қалай қараймын?

Сокуллы: «Шешім падишаһымдікі!» - деумен шектеліп қалады.

Қартайған падишаһ бірнеше айға созылатын жорықта, ат үстінде

қалай отырмақшы? Сол себепті жауынгерлерге тың көрінсін деген

ниетпен, падишаһ арқасы үлкен белдікпен таңып тасталады.

Жорық басталады. Жауын-шашынның мол маусымы болатын. Бір

күні зеңбіректер батпаққа батып кетеді. Жегілген аттардың зеңбіректі

сүйреп шығуға шамасы жетпейді. Ол маңайда тек пашалар мен бірнеше

жауынгер келе жатқан еді. Сұлтан: «Жоғарғы шенді пашалардан бастап

барша жан, батпаққа түсіп зеңбіректерді шығаруға күш салсын», -

деп әмір етеді. Сол маңайдағылардың барлығы шешініп, батпаққа

кіреді. Зеңбіректерді бір-бірлеп батпақтан шығарады. Сұлтан сарай

тарихшысына қарап: «Жаз! Келешек ұрпаққа үлгі болсын! Қанунидің

пашалары мен уәзірлері батпаққа түсіп, зеңбіректерді шығарды деп жаз!