(
145
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қиыншылығына жәрдем етуді, дүние толы алтын мен күміске ие болудан
артық көремін», - дейді
(Әли, әл-Муттақи VI, 598/17049)
.
Тек өз қамын ойлап, өзгелердің жағдайына мән бермеу, яғни маған не
қатысы бар деушілік, мұсылманның бойынан табылмауы тиіс. Өйткені
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Көршісі аш бола тұра, тоқ жатқан кісі мүмин емес
(яғни бізден емес)»
, - дейді
(Хаким II, 15)
.
Әулиелердің және ғарифтердің бұл жайлы айтып кеткен сөздеріне
тоқталып кетелік.
«Адамдарға жақсылық жасау, кісіні пәле-жаладан қорғайды» (Хазірет
Әбу Бәкір).
«Егер көңілім жабықпасын деп қам жесең, көңілі жабығып
жүргендердің дерттеріне жәрдем ет»
(Сағди Ширази)
.
«Дәрі, ғаламда сырқаттан өзге ешнәрсенің соңына түспейді»
(Хазірет
Мәулана)
.
«Басқалардың жүгін мойнына алуы тиіс. Бірақ оларға жүк болмауы
керек. Жапа шектіргенге, ләм-мим деместен опалы болуы қажет» (Жүсіп
Хас Хажиб).
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Хазірет Омар (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мұсылмандардың мәселе-
лері жайлы Әбу Бәкірмен (р.а.) түннің бір уағына дейін сөйлесетін. Мен
де олармен бірге болатынмын», - дейді
(Тирмизи, Салат 12/169)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тіпті төсегіне жатар алдын мүминдерді ойынан
шығармай:
«Бізді ішкізіп-жегізген, қорғап баспана берген Аллаһқа мадақ болсын.
Қорғанатын, баспанасы болмаған көптеген жан бар»
, - деп дұға ететін
(Мүслим, Зікір 64; Әбу Дәуіт, Әдеп 98)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы барша адамға мән беретұғын.
Дерттеріне ортақ болып, ауруларын емдеуге күш салатын. Біреудің бір
жері ауырғанда яки жараланғанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) куәлік ететін
(сұқ) саусағын топыраққа тигізіп қайта көтеріп:
«Аллаһтың атымен! Бұл
арамыздағы біреудің түкірігімен араласқан, жұртымыздың топырағы.