¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
140
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
баратын. Кейінірек олардың дүние-мүлкін жұмсау жөнінде бізге көбірек
құқық берілді. Бұл олардың шамына тимеді. Олар Аллаһ Елшісі үшін
жандарын пида етті. Салауат пен сәлемПайғамбарға (с.а.у.) және онымен
бірге жүргендерге болсын!».
87
***
Аллаһ жолында аянбай тер төгуге, жанкештілікке, мүминдердің
тыныштығы үшін мансабы мен мәртебесі жоғары қызметтерден бас
тарту да кіреді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) немересі Хасан (р.а.) алты
ай халифа болғаннан кейін үмбеттің екіге бөлініп кетпеуін ойлап,
халифалықты Мұғауияға берген болатын. Осылайша мүминдердің
арасында саяси күрестің лап етуіне жол бермеді. Сонымен қатар үлкен
саяси топтардың бір-бірімен соғысып, мыңдаған жандардың қанының
төгілуіне кедергі болды.
Осман Ғазидің көз жұмғанда көсемдерден үлкен қолдау көрген, әрі
атазаң бойынша таққа отыруға тиіс Алауддин мырза бауыры Орхан
Бейді таққа отыруға өзінен лайық көріп былай деген еді:
«Бауырым! Әкеміз ақ батасын саған берді. Оның алдына қойған
мақсатын тек сен іске асыра аласың! Ол көзі тірісінде әскердің
қолбасшылығын саған сеніп тапсырған болатын. Сол себепті таққа
отыру сенің құқығың!»
Осындай ерлікке барған Алауддин мырза бауырының ең үлкен
демеушісіне айналады. Оған уәзір болу қызметін өз мойнына алады.
88
***
Аллаһ жолында жанкештілікті, тарих беттерінде алтын әріптермен
өрнектегенжандардыңқатарынаФатихСұлтанМехметтіңжауынгерлері
де кіреді. Олар:
«Стамбұл, міндетті түрде алынады. Оны алған қолбасшы
нендей ұлы қолбасшы! Әрі оны (алуға аянбаған) жауынгерлер нендей ұлы
жауынгерлер!»
89
деп баяндалған хадис-шәріптегі дәрежеге қол жеткізу
үшін қолдан келгенін аянып қалмаған болатын. Олар қала қорғанынан
төгілген ыстық су мен қайнаған майға төтеп беріп, қабырғаға өрмелеуді
тоқтатпады. Жүректеріндегі имандылық нұры іс-әрекеттерінде
қаһармандықты маздатып: «Бүгін, шәһит болу кезегі бізге келді», - деп,
өлімді күлімсіреп қарсы алған еді.
***
Әйгілі Баязит мешіті салынып жатқанда болған төмендегі мына оқиға
Аллаһ жолында аянбаудың мысалына айғақ бола алады.
87. Әбу Нуғайм, Дәлайл 105; Қандәһләуи, Хаятус сахабә, Акчағ баспасы І, 76-77.
88. Зия Нур Аксун, Османлы тарихы, Станбул 1994, І, 36.
89. Ахмед ІV, 335; Хаким ІV, 468/8300.