Previous Page  139 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 462 Next Page
Page Background

(

139

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

мәйітін көтеріп келе жатыр екен. Олар едәуір жер жүріп, аялдады. Қабір

қазды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қабірге түсті. Әбу Бәкір мен Омар (р.а.)

мәйітті Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қолына ұстатуға әзірленді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оларға қарап: «Бауырларыңды маған

жақындатыңдар!» - деп әмір етті. Олар мәйітті жақындата түсті.

Пайғамбар (с.а.у.) мәйітті құшағына алып, қабірге жайғастырды.

Артынша бойын тіктеп алып: «Уа, Раббым! Мен одан разымын. (Осы

күнге дейін) разы болып келдім. Сен де одан разы бол!» - деп дұға етті.

Осы көріністі көргенде, қатты толқыдым. Зұлбижадайынға қызғана

көз тастадым. Сол сәтте ішімнен: «Осы қабірдің иесі мен болсамшы!

Пайғамбардың ілтипатына іліккен мен болғанымда ғой», - деп тіледім

(Ибн Хишам IV, 183; Уақиди III, 1013-1014; ибн Әсир, Усдул-Ғаба III, 227)

.

Міне, Аллаһ жолында көрсетілер жанкештілік осындай болмақ!

Жанкештіліктің сыйы да Аллаһ Елшісінің ілтипатына ілігумен

тәмамдалмақ. Иә, кез келген мұсылман баласының Абдулла

Зұлбижадайынға қызыға және қызғана қарауы табиғи құбылыс. Бұл

дәрежеге қол жеткізу үшін аянбай тер төгу қажет-ақ ағайын!

***

Хазірет Әлидің (р.а.) төмендегі мына сөздері Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

мен ардақты сахабалардың адам сенгісіз жанкештілігін көрсетеді:

«Ансарды сүймеген жан, мүминдердің қатарына кірмейді. Олардың

құқықтарын білмеген кісі, мүмин емес! Аллаһқа ант етейін! Олар

биенің құлынын қарайлағаны секілді, қылыштарымен, қызыл тілімен,

жомарттықтарымен Ислам дінін ұлықтады. Меккеде Пайғамбар (с.а.у.)

қажылық маусымында арабтардың руларын мұсылмандықты қабыл

етуге шақыратын. Бірақ өкінішке орай, олардың ешбірі бұл шақыруға

құлақ аспады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жалықпастан Мәжанна және Ұқаз

жәрмеңкелеріне, Минаға келіп орналасқан руларға үздіксіз барып,

бетпе-бет көрісетін. Бұл әрекетін жыл сайын қайталайтын. Тіпті кейбір

ру кісілері оған: «Бізден үмітіңді үзер уақыт болмады ма?» - деп таңдана

сұрайтұғын.

Бұл Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) оларға жиі-жиі барып: «Маған қолдау

көрсетіңдер! Аллаһтың дінін таратайын!» - деп өтініш білдіруінен

және Ислам дінін қайта-қайта түсіндіруінен туындаған болатын. Бұл

жағдай Ансардан шыққан бір рудың мұсылмандықты қабыл етуіне

дейін жалғасты. Пайғамбар (с.а.у.) Ансарға ислам дінін танытты. Олар

қысқа мерзім ішінде мұсылмандықты қабыл етті. Пайғамбарды (с.а.у.)

бауырына басып, қолдан келген көмектерін аянып қалмады. Аллаһ

жасаған игіліктерін қабыл алғай!

Біз олардың жеріне келдік. Олармен бірге тұрдық. Олар тіпті бізді

қонақ ету үшін, бір-бірімен ұрысып қалатын. Жеребе тастауға дейін