(
135
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Абдуррахман ибн Ауф осы сөздерді айтқаннан кейін, мұңды кейіпте
дастарқаннан тұрып кетті
(Бұхари, Жанайз 27)
.
***
Абдулла ибн Сәһл мен бауыры Рафи (р.а.) Ұхуд ғазауатында Аллаһ
Елшісімен (с.а.у.) бірге шайқасқан болатын. Екеуі де жараланып
Мәдинаға кері қайтқан еді. Бірақ Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) дұшпанның
соңынан түсуге шақырған үндеуін естігенде: «Уаллаһи, мінетін көлігіміз
де жоқ! Жарақатымыз да ауыр. Алайда, Аллаһ Елшісінің өзі қатысатын
жорықтан қалғымыз келмейді», - десіп, жорыққа аттанып кетті.
Жарақатыжеңілдеуі жарақатыауырдыңжүруінежәрдем етті. Тіпті кейде
арқасында көтеріп жүрді. Осылайша ағалы-інілі екеуі Аллаһ Елшісінен
қалып қоймады
(Ибн Хишам III, 53)
.
Сол жорықта осы екі сахаба секілді көптеген қаһармандық әрекеттер
істеген көптеген сахаба бар еді. Хақ Тағала олар жайлы Құран Кәрімде
былай дейді.
«Жарақаттанып қалғаннан кейін Аллаһтың және Оның Елшісінің
шақыруына қосылып, сонымен қатар араларынан иігілік жасап, тақуа
болғандарға үлкен сый бар»
(Әли Имран сүресі, 172-аят)
.
***
Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) бірге ғазауатқа шықтық. Көліктің
аздығынан алты кісі кезектесіп бір түйеге міндік. Жаяу жүріп, қатты
титықтадық. Аяғымыз ойылып кетті. Менің де аяғым ойылып,
тырнақтарым түсіп қалды. Бір септігі тиер деген ниетпен аяқтарымызды
шүберекпен таңып тастадық. Осы шүберектер себеп болып, сол жолғы
ғазауат «затур-риқа» деп аталды».
Осы хадисті риуаят еткен Әбу Бурда былай дейді:
«Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) бұл уақиғаны айтқаннан кейін: «Мұным
дұрыс болмады», - деп өкінішін білдірді. Шамасы ол, Аллаһ разылығы
үшін істелген ісін жария еткендігіне өкінді-ау», - деймін
(Бұхари, Мағази
31)
.
Мінекей ардақты сахабалардың ақ пейілділігі, қарапайымдылығы,
ықыласы, тақуалығы осындай болатын!
***
Әбу Һұрайра (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Біз Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) бірге бір жорыққа аттанып кеттік.
Жолда жауынгерлердің азығы таусылды. Олар азық ретінде астындағы
көліктерін союға бел байлады. Хазірет Омар (р.а.): «Уа, Аллаһтың