¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
130
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Демек, адамның жаны және дүние-мүлкі Аллаһ жолына жұмсалғанда
ғана құнды дүниеге айналады. Болмаса, ысырапшылдыққа жатады.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) исламды адамдарға алғаш жая бастағанда өзіне
ұсынылған дүние-мүліктен, мақамнан, нәпсі сүйетін барша нәрседен
ойланбастан бас тартқан еді. Аллаһтың дінін күллі машақатқа төтеп
беріп, адамдарға таратуын тоқтатпады. Үйін,
85
дүние-мүлкін, барлық
материалдық мүмкіндіктерін тәрк етіп Аллаһ жолында һижрет етті.
Меккеден шығып, Хазуара деген жерге келгенде артына бұрылып
мұңайған кейіпте:
«Сен Аллаһтың құзырында ең қадірлі аймақсың.
Мені олар шығарып жібермегенде, сенен шықпас едім. Сенен өзге жерді
мекендемес едім. Отан етпес едім»
, - деп айтқан болатын
(Ахмед IV, 305;
Тирмизи, Мәнақиб 68/3925)
.
Ол өз ғұмырын Мәдинада, еңкейіп әзер кіретін қарапайым үйде
жалғастырды.Опагерліктіңасқаршыңынкөрсете білгенПайғамбарымыз
(с.а.у.) Меккені «фатх» еткеннен кейін, Мәдинаға кері қайтты. Аллаһтың
және өзінің сүйікті қаласында Ансарды мұңайтпайын деген оймен қалып
қоймады.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) он үш жылдық Мәдина дәуірінде
Аллаһтың дінін жаю үшін он үш ғазауат, жиырма бір «сәрия» әзірлей
білгендігі, оның нендей жігерлі жан болғандығын көрсетеді.
***
Жәннатқа кіруді тілеген жан, Аллаһ жолында жанымен, дүние-
мүлкімен қызмет етуі қажет. Төмендегі мына риуаят сөзімізді айғақтай
түсері хақ.
Башир ибн Хасасия (р.а.) былай деп нақыл етеді:
«Мен, Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) биғат етуге келдім. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
биғатыма, Аллаһтан өзге тәңір жоқ екендігіне, әрі Мұхаммедтің (с.а.у.)
Оның Елшісі екендігіне куәлік етуімді, намаз оқуымды, зекет беруімді,
қажылық жасауымды, ораза ұстауымды және Аллаһ жолында жиһад
етуімді шарт ретінде қосты.
85. Мүшриктер хижреттен соң Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) анасы мен әйелінен қалған екі үйіне
де қол сұғып сатып жіберді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Меккені қайтып алған кезінде жай ғана
күркеде отырды. «Уа, Расулуллаһ! Үйіңізге бармайсыз ба?» - деп сұрағандарға: «Ақил
бин Әбу Талиб бізге үй-баспана қалдырған ба еді» деп жауап берді. Жеңімпаз қолбасшы
бола тұра, қайта басып алған үйін қайтадан сатып алмай қарапайымдылық танытты.
(Уақиди ІІ, 829; ибн Сағд ІІ, 136; Әзрақи, Ахбару Мәккә, Мекке 1965, ІІ, 161, Белазури І,
356; Мауәрди, Ахкамус султания, Мысыр 1966, 171-бет).