(
125
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
артта қалып қойған еді. Жолда көлігін тастап, алуан түрлі машақатқа
түсіп жаяу келді. Мұны байқаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) күлімсіреп:
«Аллаһ амандық берсін! Әбу Зәр жалғыз өмір сүреді. Жалғыз өледі.
Жалғыз қайта тіріледі», - деді.
Аллаһ Елшісінің бұл мұғжиза сөздері уақыты келгенде жүзеге асқан
еді. Шынымен-ақ, Әбу Зәр (р.а.) жалғыз өмір сүріп, жалғыз қайтыс
болды
(Уақиди III, 1000)
.
***
Аллаһ жолындағы өз жауапкершілігінен қашу кісінің рухани
тұрғыдан күйзеліске ұшырауына жол ашуы әбден мүмкін. Сахабалардың
бірі Әбу Хайсама (р.а.) Тәбук жорығының машақатын ойлап, Мәдинада
қалып қойған болатын. Бір күні бақшасындағы шартақта жанұясы
оған дастарқан жайып қойған еді. Әбу Хайсама дастарқанды көргенде,
орнында бір сәт тұрып қалды да, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мен сахабалардың
қандай күйде екендігін және өзінің қандай күйде екендігін қас-қағым
сәтте ойлап үлгерді. Жүрегі сыздап, өз-өзіне: «Олар мынадай ыстықта
Аллаһ жолында машақаттарға түсіп жатқанда, менің мынау отырысым
оғаш емес пе?» - деді. Осы өкініш бойын билеп әкетіп, дастарқанға
отырмастан жолға түсті. Тәбукте ислам әскеріне келіп қосылды. Әбу
Хайсаманың келгендігін көрген Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның бұл
әрекетіне риза болып:
«Ей, Әбу Хайсама! Күйреуіңе аз-ақ қалып еді»
, -
деп оның кешірімі үшін Хақ Тағалаға дұға етті
(Ибн Хишам IV, 174; Уақиди
III, 998)
.
***
Бір күні Харис ибн Хишам (р.а.) мен Суһайыл ибн Амр (р.а.) екеуі
бірге Хазірет Омарға (р.а.) келді. Оны екеуі ортасына алып әңгімелесті.
Біраз уақыт өткеннен кейін алғаш һижрет еткен Мұһажирлер келе
бастады.ӘрбірмұһажиркелгендеХазіретОмар(р.а.) екеуіне: «Сенбылай
отыр Суһайыл, сен алға жылжы Харис», - деп оларды шетке ығыстырды.
Кейінірек Ансар келе бастады. Хазірет Омар (р.а.) тағы да Суһайыл
мен Хариске келген Ансарға орын берулерін әмір етті. Осылайша екеуі
топтың ең соңынан бірақ шықты. (Хазірет Омар (р.а.) мәжілісіне келген
әрбір адамды Исламға кірген уақытына және ықыласына қарай жанына
отырғызатын).
Хазірет Омардың (р.а.) мәжілісінен шыққаннан кейін Харис
Суһайылға қарап: «Омардың бізге істегенін көрдің бе?» - деді.
Суһайыл (р.а.): «Оны тілдеуге құқығымыз жоқ. Біз айыпты өз
бойымыздан іздейік. Олар Исламға шақырылғанда дереу ұмтылып, еш
күтпестен мұсылмандықты қабыл етті. Ал біз исламға шақырылғанда
енжарланып кеш әрекет еттік. Осылайша артта қалып қойдық», - деді.