Previous Page  131 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 462 Next Page
Page Background

(

131

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Менжалма-жан: «Уа,АллаһтыңЕлшісі!Уаллаһи,мынааталғандардың

арасында екі нәрсеге шамам жетпейді. Олар жиһад пен садақа. Бәз

біреулер жиһадтан қашқан кісінің Аллаһтың қаһарына ілігетінін айтуда.

Мен, шайқас алаңында бойымдықорқынышсезімі билеп, қашыпкетемін-

ау деп қорқамын.

Садақаға келер болсақ, менің бірнеше қойым мен он түйем бар. Олар

жанұямның ырыздық көзі. Әрі мінер көлігі», - дедім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қолымнан ұстап тартты. Артынша жүзіме қарап:

«Жиһад жоқ, садақа жоқ қалайша жәннатқа кірмекшісің?» - деді.

Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Биғат етемін!» - дедім. Осылайша Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) қосқан шарттың барлығын қабыл етіп, биғат еттім»

(Ахмед

V, 224)

.

Аллаһ жолында кез келген нәрсені пида еткен қаһармандардың ең

ұлығы Ибраһим пайғамбар (а.с.) болып табылады. Ол, мүминдердің

игілігіне барша дүние-мүлкін уақыф ету арқылы дүние-мүлкін,

алаулаған отқа тасталу арқылы өз жанын, құрбан ретінде шалуға ұлын

жетектеп апарып, Аллаһ жолында еш ойланбастан пида еткен болатын.

Осылайша ол, Құран Кәрімде Хақ Тағаланың:

«Берген уәдесінде

тұратын Ибраһим»

деген ілтипатына ілікті.

***

Ислам діні алғаш тарап жатқан жылдарда меккелік мүшріктер

мұсылмандарға қандай шара қолданарын білмей қатты састы. Күннен-

күнге зұлымдық пен зорлықтың алуан түрін қолданып, мұсылмандарға

күн туғызбауға қаншама күш салғандарымен ислам дінінің жайылуы

тоқтамады. Меккеде ғұмыр кешу мұсылмандарға уақыт өте келе адам

төзгісіз жағдайға жетті. Әбу Бәкір де (р.а.) өзге мұсылмандар тәрізді

һижрет етуге Аллаһ Елшісінен рұқсат алып, Эфиопияға бет алды. Бір-

екі күндік сапардан кейін жолда Қара руының көсемі ибн Дағинаға

кезігеді.

Ибн Дағина: «Уа, Әбу Бәкір! Сен секілді азамат өз елінен кетпеуі

қажет. Яки шығарылмау керек. Уаллаһи, сен руыңның бетке ұстар

азаматтарының бірісің! Әрдайым игілік жасап, туыстарыңа қарайласып

жүресің! Әлсіздерге қолдан келгенін аянып қалмайсың! Кері қайт! Сені

өз панама аламын!» - дейді.

Хазірет Әбу Бәкір ибн Дағинаның сөзіне құлақ асып, екеуі бірге

Меккеге қайтады. Меккеге кіргенде ибн Дағина Әбу Бәкірді өз панасына

алғандығын жария етеді. Құрайыштықтар ибн Дағинаға бірнеше шарттар

қояды.

Олар: «Әбу Бәкірге мына шарттарды айтқын! Раббына жасар