Previous Page  128 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

128

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ол дереу қолындағы билетпен Стамбулға жүріп кетті. Іздеген қажетті

заттарын яһуди саудагердің дүкенінен тапты. Өтеуге керекті соманы алу

үшін, бас штабқа келді. Алайда бас штаб материалдық мүмкіндіктерінің

шектеулі екендігін, тіпті жауынгерлерге бәтеңке, пальто таба алмай

отырғандықтарын желеу етіп, соманы бере алмайтындықтарын білдірді.

Бас штабтан мұңайып шыққан офицер Музаффар не істерін

білмеді. Полкқа екі қолы бос күйде қалай көрінбекші? Майдандағы

машақаттарды ойлап, бір шешімге келді. Дереу яһуди саудагерге барып,

тапсырысты дайындауын өтінді. Заттарды таңғы намаздан кейін алатын

болып, ақшасын да сол кезде төлейтін болып келісті. Сол күні түнде

түнімен еңбектеніп қолдан жалған жүз лира жасады. Ол нағыз ақшаға

қатты ұқсайтын болып шықты. Ол кездері қағаз ақшаның үстінде:

«Құны Дәрссағадатта алтынмен өтеледі», - деп жазылушы еді. Офицер

Музаффар өзі жасаған жүз лираның үстіне: «Құны Шанаққалада

алтынмен өтеледі», - деп жазды.

Ертеңіне таңертең ерте келіп яһуди саудагерден заттарды алды. Оған

жүз лираны берді. Өзі кемеге отырып Шанаққалаға тартып кетті.

Үш күннен кейін яһуди саудагер қолындағы ақшаны майдалау үшін

Осман банкіне барғанда, мәселе ортаға шықты. Ақша, жалған ақша

болатын. Ақшаның үстіне жазылған алтынның мағынасы, алтыннан

қымбат Шанаққалада төгілген шәһиттердің қаны еді.

Таң-қаларлығы яһуди бұл мәселеге ләм-мим деместен жақ ашпады.

Ешбір теріс әрекет жасамады. Бірақ уақиға барша Стамбулға жайылып

кетті. Шаһзада Абдулхалим мырза да бұл уақиғадан құлағдар болды.

Шаһзада дереу іске араласты. Жалған ақшаны яһуди саудагерден алып,

құнын өтеді. Оны әдемі құтының ішіне салып, қауіпсіздік мұражайына

тарту етті.

***

Қысқасы, Хақ Тағаланың «Раббыңа, саған өлім келгенге дейін

құлшылық ет!» деген әміріне бас иіп, ақтық деміміз кеудемізден

шыққанша Аллаһ жолында тер төгуден жалықпауымыз қажет. Өйткені

бұл дүние сауап жинайтын жер. Ал ақырет сый көретін жер. Иә, осы

дүниеде неғұрлым көп игілік жасасақ, соғұрлым ақыретте бақытты

боламыз ағайын!

Сонымен қатар, ешқашан жасаған игілігімізге, жақсылығымызға

мастануға болмайды. Өйткені Аллаһ Тағаланың кешірімі, мейірімділігі,

рақымдылығы құлдың сауабынан артық дүние.

84

Бұл жүректің әрқашан

Аллаһ Тағаламен бірге болуына және ықылас, талпынысқа байланысты

болмақ.

84. Әли Имран сүресі, 157-аят, Жүніс сүресі, 58-аят; Зұхруф сүресі, 32.