Previous Page  124 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

124

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

арасындағы соңғы соғыс болса, жарақатымды шәһит болуыма себепкер

ет. Мені құзырыңа қабыл ет. Құрайза руының жазаландырылғанын

көргенімше жанымды алма», - деп дұға етті.

Сағд (р.а.) дұғасын бітірмей жатып жарақатынан ағып жатқан қан

тоқтады. Бір тамшы да тамбады

(Тирмизи, Сияр 29/1582; Ахмед III, 350)

.

ХазіретСағд (р.а.) Құрайза руыныңжазаландырылғанын көрген сәтте

ескі жарақаты ашылды. Біраз уақыт өткеннен кейін пайғамбар ғашығы

бұл сахаба рухын шәһит ретінде Аллаһқа тапсырды.

81

***

Тәбук жорығына дайындық жүріп жатқан болатын. Қадірлі

сахабалар Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге Аллаһ жолында жандарын

пида етуге құштарланып жүрген еді. Бірақ сахабалардың арасынан

пақыр жеті кісі шықты, жорыққа мінетін көліктері жоқ болатын.

Әскер қатарында жауынгерлер көбінесе екі кісі бір түйеге немесе үш

кісі бір түйеге кезектесіп мінетін. Алайда жорыққа қатысуды шын

пейілімен қалап, Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) әрдайым бірге болуды ойлаған

кейбір сахабалардың тіпті кезектесіп мінетін бір түйесі жоқ еді. Олар

Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, жағдайларын айтты. Сол сәтте олардың

жорықтан босатылғандықтары жайлы төмендегі мына аят түсті.

«

(Уа, елшім! Жорыққа аттану үшін)

сенен көлік сұрап келгенде

сен: «Сендерге берер көлігім жоқ!», - деп айтқан, әрі

(көлік сатып

алуға)

сарп етерлік дүние-мүлкі болмай, мұңға батып, көз жасына ерік

бергендерге кінә жоқ»

(Тәубе сүресі, 92-аят)

.

Аятта Хақ Тағаланың разылығына қол жеткізуге, Аллаһ Елшісімен

(с.а.у.) әрдайым бірге болуға деген қайғыдан көз жасын төккен бұл

сахабалардың мұқтаждықтарын ибн Ямин (р.а.), Хазірет Аббас (р.а.),

Хазірет Осман (р.а.) өтеді.

82

Ал қалған бір бөлігіне Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

мінерге көлік берді (ат немесе түйе)

(Бұхари, Мағази 78).

Жорықтан босатылғандықтары жайлы аят түссе де Аллаһ Елшісінен

(с.а.у.) бір елі ұзақ қалып қою көңілдеріне ауыр тиген әрі Хақ Тағалаға

деген махаббатпен ішкі жан сарайлары толы сахабалар осындай ғажап

құлшыныс, пейілдерінің арқасында жорыққа қатысу мүмкіндігіне ие

болды.

***

Сахабалар Тәбук жорығына аттанып кеткен болатын. Біраз жер

жүріп өтті. Көп уақыт өткеннен кейін сахабалардың бірі Әбу Зәр (р.а.)

әскердің соңынан қуып жетті. Ол астындағы көлігі нашар болғандықтан

81. Ибн Хишам ІІІ, 271.

82. Ибн Хишам IV, 172; Уақиди ІІІ, 994.