Previous Page  127 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 462 Next Page
Page Background

(

127

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жолда басы Стамбулдан бастап көптеген жерлерге көз тікті. Сондықтан

оған «марзбанул-уфуқ», яғни көкжиектердің иесі, ұлы ойлардың иесі

деген атақ берілген еді. Бір жерде бір айдан артық тұрақтамай, «Аллаһ

сөзін ұлықтау» жолында үздіксіз күрескендігі көптеген деректерде

айтылады. Сонымен қатар ол: «Нағыз кісілік ғазуадан артық», - дей

отырып, негізгі күрестің көңілді жаулап алу екендігін тілге тиек етті.

***

ӨздемірұлыОсманпаша,Аллаһжолындатертөгіпүлкенжетістіктерге

қол жеткізген еді. III Мұрат хан, пашаның есепсіз жетістіктерін ескеріп,

оны өзіне бас уәзір етіп тағайындады. Өздемірұлы Осман паша бұл

қызметте шамамен төрт ай іс атқарды. Қырымда бүлік шыққанда өзінің

қалауымен сардарлық қызметіне қайта оралды. Қырымдағы бүлік

басылғаннан кейін, сұлтанның бұйрығымен шығыс әскерінің сардары

болып тағайындалды.

Ата-бабамызмақамды,жоғарықызметтіемес,Аллаһтыңразылығының

қай жерде мол екендігіне назар аударатын. Өздемірұлы Осман паша да

бас уәзірлікті тастап, майданға қайта оралды. Аллаһ жолында күресіп,

шәһит болу мәртебесіне қол жеткізіп Раббысына қауышты.

***

Жастық шақтарында, күш-қуаты кетпеген тұстарда жорықтарға

қатысып, дұшпанға қарсы қылыш сермеген «янычарлар» сақалдарына

ақ түсіп, қажыры қайтып қартайған у қытта арқаларына теріден

тігілген мес асынып, қолдарына қалайы тостақ алып көшелерді кезетін.

Кербалада бір жұтым суға зар болып көз жұмған шәһит Хазірет Хұсейін

үшін су таратып, сауап алуға тырысатын. «Хасанайынның» яғни Хасан

мен Хұсейіннің рухы үшін деп сусағандарға су беретін.

Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сүйікті немересі Хазірет Хусейіннің жүректі

тілімдейтін қайғылы уақиғасы әрбір жұтым судан кейін еске алынатын.

Оған берілмеген бірнеше жұтым су сол күннен бастап, дүниенің төрт

бұрышындағы барша сусаған жандарға берілетін болды.

83

***

Шанаққалада соғыс жүріп жатқан болатын. Жоғарғы оқу орнын

бітірген офицерМузаффар өз еркімен әскер қатарына алынды. Үш айлық

оқудан кейін жолдамамен Шанаққалаға жіберілді. Алайда соғыс біткен

еді. Армияның үлкен бөлігі шығысқа жөнелтілейін деп жатты. Армияны

тасымалдау көліктерінің дөңгелек тағы да басқа қажетті заттарды

қамтамасыз етілу тиіс болатын. Бұл іске, стамбулдық офицер Музаффар

тағайындалды.

83. А. Туран Алкан, Османлы Энциклопедиясы, Станбул 1996, V, 20.