Previous Page  123 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 462 Next Page
Page Background

(

123

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әкең: «Уа, Раббым!Мені қайта тірілт. Сеніңжолыңда қайтаданшәһит

болайын», - деді.

АллаһТағала: «Мен бұдан бұрын өлгендер дүниеге қайтып оралмайды

деп үкім еткенмін», - деді.

80

Әкең: «Уа, Раббым! Олай болса, (менің халімді) артымда қалғандарға

жеткіз», - деді.

Әкеңнің қалауымен төмендегі мына аяттар түсті:

«

(Уа,Мұхаммед!)

Аллаһжолындақаза тапқандардыөлді депсанама!

Керісінше олар тірі. Әрі Раббыларының құзырында ырыздыққа

кенелуде! Раббыларының игілігінің арқасында берілген нығметтерге

қуанып, әзірше өздеріне қосылмай артта қалып қойғандарға: «Оларға

ешқандай қорқыныш болмайды. Әрі мұңға батпайды», - деп сүйінішті

хабар жеткізгілері келеді»

(Әли Имран сүресі, 169-170 аяттар); (Ибн Мәжә,

Муқаддима 13/190)

.

Хазірет Айша (р.а.) анамыз ардақты сахабалардың Аллаһ жолындағы

еңбегі мен құлшынысына қатысты көзімен көргендігін былай деп риуаят

етеді:

«Хәндәк ғазауатында адамдардың соңынан жүріп келе жатқан

болатынмын. Артымнан бір дауыс шықты. Бұрылып қарасам Сағд ибн

Муғаз бен бауырының ұлы Хариса ибн Аусті көрдім. Тұрған орнымда

отыра кеттім. Сағдтың үстінде тар сауыты бар екен. Қолдары сауыттан

шығып тұр. Жиһадқа қатысуға үндейтін, ажал келгенде өлімнің нендей

керемет екендігінкөрсететін өлеңжолдарын айтыпкележатыр еді. Анасы

оған: «Балам! Жүгір, Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) жет. Уаллаһи кешіктің!», -

деп айтып жатты.

Мен Сағдтың анасына: «Сағдтың сауыты бүкіл денесін жауып тұрса

жақсы болар еді», - дедім. Сауыттан шығып тұрған қолдарына оқ тиеді-

ау деп қорықтым.

Анасы: «Аллаһ үкімін орындайды (яғни жазмыштан озмыш жоқ)»,

- деді. Шынымен-ақ, Сағд сол күні жараланып қалды

(Ахмед VI, 141; ибн

Хишам III, 244)

.

Хазірет Сағд (р.а.) жарақатының ауыр әрі өліміне себепкер

болатындығын байқағанда: «Аллаһым! Егер Құрайыш руының

мүшріктерімен тағы да қандай да бір шайқасуды жазып қойсаң,

мені сол шайқасқа тірі қалдыр. Өйткені олар сенің Пайғамбарыңа

жамандық атаулының барлығын жасады. Оның айтқандарын өтірік деп

ушықтырды. Оны елінен қуып шықты. Құрайыш руымен соғысуды өзге

рулармен соғысудан артық көремін. Егер осы өткен соғыс бізбен олардың

80. Тирмизи, Тәпсір 3/3010.