Previous Page  120 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

120

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Аллаһқа ант етейін, уа, Аллаһтың Елшісі! Жәннаттық болуды

қалағандықтан айтып қалдым мына сөзді. Өзге ойым жоқ, - деп жауап

берді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Шүбәсіз, сен жәннаттықсың, - деді.

Мұны естіген Умайыр (р.а.) дорбасынан бірнеше құрма шығарып

жей бастады. Кейін:

– Егер мына құрмаларды жеп бітіргенше өмір сүрсем, бұл шынымен-

ақ ұзын өмір, - деп қолындағы құрмаларды лақтырып жіберіп шайқас

алаңынатұражүгірді.Демітаусылыпшәһитболғанғадейінмүшріктермен

соғысты»

(Мүслим, Имара 145; Ахмет III, 137)

.

***

Тауафа руының саудагері өз басынан кешірген уақиғасын былай деп

тілге тиек етеді.

«Керуенмен бірге Мәдинаға келдім. Тауарды сатып бітіргеннен кейін

өз-өзіме: «Мына кісіге (пайғамбарымызға) соғып, руыма ол жайлы

ақпарат жинайын деген оймен Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келдім. Маған бір

үйді көрсетіп: «Мына үйде бір әйел тұрады. Мұсылман әскерімен бірге

ғазауатқа барды. Үйінде он екі ешкі және тоқыма жиһазы қалған еді.

Қайтып келгенде он екі ешкі мен тоқыма жиһазының жоғалғанын көрді.

Хақ Тағалаға жалбарынып: «Уа, Раббым! Сен, сенің жолыңда сапар

шеккенжандардыөз қорғауыңа алатыныңдыбілдірдің. Кепіл болған едің.

Ешкілерім мен тоқыма жиһазым жоғалып кетіпті. Сенен ешкілерімді

және тоқыма жиһазымды қайтарып бер», - деп дұға етті. Таңертең

ұйқысынан оянғанда жоғалған ешкілері мен тоқыма жиһазының екі есе

артық болып, орнында тұрғандығын көрді. Сол әйел анау жерде. Қаласаң

өзінен сұра», - деді.

Мен: «Саған сенемін. Сені растаймын. (әйелден сұраудың қажеті

жоқ)», - дедім.

***

Ансар Сәлім руының көсемі Амр ибнЖамух ақсақ кісі болатын. Төрт

ұлы бар еді. Аллаһ Елшісімен (с.а.у.) бірге жорықтарға барып тұратын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ұхуд ғазауатына аттанайын деп жатқан тұста,

Амр ибн Жамух әскер қатарына қосылуды қалады.

Ұлдары: «Саған жиһад парыз емес. Аллаһ Тағала сені үзір иесі ретінде

қабыл етті. Біз сенің орныңа барамыз», - десті.

Амр ұлдарына: «Сендер Бәдір соғысында жәннатқа кіруіме кедергі

болған едіңдер. Уаллаһи, мен бүгін тірі қалсам да, басқа күні шәһит болып

жәннатқа кіремін», - деді. Кейін әйеліне қарап: «Барлығы шәһит болып

жәннатқа кетіп жатқанда, мен сендердің қастарыңда омалып отырайын