¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
118
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Жас сахабалардың Аллаһ разылығына қол жеткізуге деген қайратын,
жігерін көрсететін мына мысалдар өте мағыналы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.)Бәдірге бет алмастанбұрын, алдыменәскеріне
көз жүгіртіп жасы он бестен төмен болғандарды кері қайтарды. Сағд ибн
Уаққас сол күні басынан өткізген уақиғасын былай деп әңгімелейді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жасы кіші болғандарды кері қайтармас бұрын
бауырым Умайырдың жасырынып қалуға әрекет жасап жатқандығын
байқап қалдым. Жанына барып:
– Саған не болды? - деп сұрадым. Ол:
– Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мені жасы кіші деп қайтарып жібере ме деп
қорқып тұрмын. Ал мен шынында жорыққа шыққым келіп тұр. Әрі
Аллаһтан менің шәһит болуымды нәсіп етеді деп үміттенемін, - деп
жауап берді.
Расында бауырым Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) көрсетілген сәтте,
Пайғамбарымыз оның әлі кішкентай екендігін байқап:
– Сен кері қайт, - деді. Умайыр жылай бастады. Оның қайғыруын
қаламаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған жорыққа аттануға рұқсат берді.
Умайыр жасы кіші болғандықтан қылышын мен байлап беретінмін.
Бәдірде шәһит болғанда оның жасы он алтыда еді
(Уақиди I, 21; ибн Сағд III,
149-150)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Ұхуд соғысына аттанбас бұрын әскерін қарап
шықты. Соғысуға жарайтын жастағыларға рұқсат беріп, ал жасы
жетпегендерді кері қайтарып жатты. Самура ибн Жундап және Рафи
ибн Хадиж кері қайтарылғандардың қатарында еді. Зухайыр ибн Рафи
Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Рафи жақсы садақ
атады», - деп жорыққа аттанатын әскерге оның да қосылуын сұранды.
Рафи ибн Хадиж уақиғаны былай деп жалғастырады.
«Аяғыма мәсі киіп алған болатынмын. Саусақтарымның ұшымен
тұрып, ұзын көрінуге тырыстым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әскерге
қосылуыма рұқсат берді. Самура ибн Жундап жорыққа аттануға маған
рұқсат етілгендігін естіп өгей әкесі Мурай ибн Синанға: «Әкешім!
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Рафиға рұқсат беріпті. Мені болса кері қайтарып
жіберді. Ақиқатына жүгінсек мен оны күресте жығамын», - деді. Мурай
(р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің ұлымды
кері қайтарып, Рафиға рұқсат беріпсіз. Ал ұлым күресте Рафиды жығып