(
113
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
инфақ ету керектігін сұрады. Шейх Шибли: «Бұл сұрақтың жауабын
фақиһтердің мәзһабына қарай ма? Жоқ әлде Хақ Тағалаға ғашық
жандардың жаратылысына қарай жауабын берейін бе?» - деді.
Фақиһ: «Екеуінің де пәтуасына қарай», - деді.
Шейх Шибли: «Фақиһтердің мәзһабына сүйенсек, мысалы екі жүз
дирһамның бір жыл өткеннен кейін қырықтан біріне тең болатын бес
дирһамын беру керек. Ал Хақ Тағалаға ғашық жандардың пәтуасына көз
жүгіртсек, екі жүз дирһамның барлығын беріп, «басымды құтқардым-
ау» деп шүкір ету қажет», - деді.
Фақиһ: «Біз бұл пәтуаны (дүние-мүліктің қырықта бірін зекет ретінде
беруді) ғалымдарымыздан үйренген едік», - деді.
ШейхШибли: «Біз бұл пәтуаныХазірет Әбу Бәкірден (р.а.) үйренген
едік. Өйткені ол барша дүние-мүлкін Пайғамбарымыздың алдына
әкелген еді», - деді.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Ей, Айша! Жарты құрма берсеңде, пақырдың
қолын бос қайтарма,-деген еді. Осы хадис-шәріппен амал еткен марқұм
әкемМұса мырза, садақа сұрауды өзіне кәсіп еткенжандарға садақа беріп
жатып: «Бермеуге дағдыланбау үшін, азда болса беріп тұрған дұрыс», -
деуші еді.
***
Қысқасы инфақ ету Аллаһ Тағаланың көркем есімдерінің бір көрінісі
болып табылады. Сондықтан инфақ етуді сүйгендер, Аллаһ Тағаланың
жолында өзіне тиесілі пайды ала білгендерге жататыны сөзсіз.
Хақ Тағала біздің инфақ ететіндердің қатарына енуімізді қалайды.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) құдси хадисте:
«Аллаһ Тағала сен инфақ ет. Мен
де саған инфақ етейін»
, - деді. Аллаһтың қазыналары кең. Барша
махлұқатқа берген ырыздығы оның қазынасын кемітпейді. Ол күні-түні
үздіксіз инфақ етеді. Көк пен жерді жаратқан күннен бері инфақ еткен
нәрселерін бір ойланып көр! Олар оның мүлкін кемітпеді, - дейді
(Бұхари,
Тәпсір 11/2, Таухид 22)
.
Аллаһ Тағала құлдарына берген ең үлкен сыйларының бірі садақа
және инфақ ету жолдарын жеңілдетуі болып табылады. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.):
«Дін бауырыңа қарап күлімсіреуің садақа. Жақсылыққа шақырып,
жамандықтан тыюың садақа. Адасып қалғанға жол көрсетуің садақа.
Көзі көрмейтін соқырға қол ұшын беруің садақа.Жолдағытас, сүйек, тікен
(секілді заттарды) алып тастауың садақа. Өз шелегіңнен, бауырыңның
шелегіне су төгуің садақа»
, - деді
(Тирмизи, Бирр 36/1956)
.
Яғни кез келген мүмин бай болсын, пақыр болсын шын пейілімен