Previous Page  110 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

110

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Құран Кәрімде Хақ Тағала былай дейді:

«Берген нәрсесінің сыйын бірнеше есе етіп қайтаруы үшін Аллаһқа

игі қарыз берер жан жоқ па?

(Ризықты)

тарылтатын да, молайтатын

да тек (бір) Аллаһ. Әрі барлығың оған қайтасыңдар!»

(Бақара сүресі, 245-

аят)

.

«Әл-Қарзул-хасан» (Аллаһқа игі қарыз беру)жайлыосыаят түскенде,

Әбуд-Дахдах (р.а.) Аллаһ Елшісіне келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ

бізден қарыз сұрай ма?» - деп сұрады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә, Әбуд-Дахдах! Аллаһ қарыз сұрайды», - деп

жауап берді.

Мұны естіген Әбуд-Дахдах (р.а.) Пайғамбарыздан қолын ұсынуды

өтінді. Оның қолынан ұстап тұрып: «Мен, ішінде алты жүз құрма ағашы

бар бауымды Аллаһқа «қарзул-хасан» (игі қарыз) ретінде беремін», -

деді.

Артынша бауға дейін жаяу жүріп келді. Баудың есігіне сүйеніп тұрып

қалды. Әйелі балаларымен бірге баудың ішінде жүрген болатын. Әйеліне

қарап: «Ей, Умму Дахдах! Баудан шығыңдар. Өйткені мен, бұл бауды

Аллаһқа қарызға бердім», - деді.

Әйелі: «Ей, Әбуд-Дахдах! Өте пайдалы сауда-саттық жасапсың!

Аллаһ саудаңды берекелі етсін», - деді. Артынша олар дереу баудан

шығып, бауды Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) тапсырып кетті.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Жәннатта Әбуд-Дахдах үшін әзірленген,

бұтақтары салбыраған өте көп құрма ағаштары бар», - деді.

***

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қырық мың динарының он мыңын түнде, он

мыңын күндіз, он мыңын жасырып, он мыңын елге көрсетіп инфақ еткен

еді. Бұл уақиғадан кейін төмендегі мына аят түседі:

«Дүние-мүлкін күндіз-түні, жасырын немесе ашық

(елге көрсетіп)

сарп еткендердің сыйы Раббыларының құзырында. Әрі оларға ешбір

қорқыныш жоқ. Сондай-ақ олар ешқашан мұңға батпайды»

(Бақара

сүресі, 274-аят); (Алуси, Рухул-Мағани III, 44)

.

Ал Хазірет Әлидің (р.а.) төрт дирһамнан өзге дүниесі жоқ болатын.

Төрт дирһамның біреуін түнде, біреуін күндіз, біреуін жасырын, біреуін

көпшілікке жария етіп инфақ етті.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әлиден (р.а.): «Неге олай еттің?» - деп сұрады.

Әли (р.а.): «Раббымның уәде еткен сауаптарына қол жеткізу үшін»,

- деп жауап берді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Үміт еткен нәрсеңе қол жеткіздің», - деп оған