Previous Page  106 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

106

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аффан (р.а.) орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ жолына

ашамайымен, барлық керек-жарағы түгел жүз түйе менен болсын», -

деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әскерге материалдық жәрдем етуге сахабаларын

қайта шақырды. Хазірет Осман (р.а.) орнынан қайта тұрып: «Уа,

Аллаһтың Елшісі! Аллаһ жолына ашамайымен, барлық керек-жарағы

түгел екі жүз түйе менен болсын», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларын әскерге көмек беруге қайта үндеді.

Осман (р.а.) орнынан қайта тұрып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ жолына

ашамайымен, барлық керек-жарағы түгел үш жүз түйе менен болсын»,

- деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мінберден түсіп келе жатып: «Османға (бұл

істеген инфағының арқасында) бұдан кейін істейтін ешбір ісі оған

залалын тигізбейді. Османға (бұл істеген инфақының арқасында) бұдан

кейін істейтін ешбір ісі /оған зиянын тигізбейді», - деп айтқанын естідім

(Тирмизи, Мәнақиб 18/3700); Ахмед V, 63)

.

Хазірет Осман (р.а.) бұған қоса мың динар әкеліп, Аллаһ разылығы

үшін инфақ етті

(Тирмизи, Мәнақиб 18/3701)

.

Бұл риуаяттар Хазірет Османның (р.а.) айрықша жомарттығымен

қатар Аллаһ жолында жасалған инфақтың міндетті түрде қабыл

болатындығын және Аллаһтың кешіріміне себепші болатындығын

көрсетеді.

***

Пақыр мұсылмандардың бірі Ұлба ибн Зәйд (р.а.) түн ортасында

ұйқысынан тұрып, намаз оқыды. Кейін: «Уа, Аллаһым» Сен жиһадқа

шығуды әмір еттің. Оған үндедің. Ал шынында сен мені пайғамбарыңа

еріп жиһадта мінетін көлікке ие етпедің. Пайғамбарыңа маған мінуге

беретін көлікті де нәсіп етпедің. Мен әрқашан дүние-мүліктен, денемнен,

заттардан мойныма түскен садақаны беріп келгенмін. Уа, Аллаһым!

Құлдарыңның арасынан маған нәсіп еткен мына кішкене дүниемді

инфақ етейін», - деп жалбарынды.

Таң атқаннан кейін Аллаһ Елшісіне келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі!

Қолымда сарп ететін дүнием жоқ. Мына кішкене дүниемді инфақ етемін.

Мені мұңайтқанға, маған қатты сөз айтқанға яки мені мазақ қылғанға

ақым адал болсын (барлығын кештім)», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) махаббат, ықылас, жомарттық қана емес кең

мейірім, кешірім толы сөздерді ести тұра тек: «Аллаһ инфағыңды қабыл

етсін», - деумен ғана шектелді.

Ертеңіне Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған келіп: «Мен сенің садақаңды