Previous Page  112 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

112

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хақ Тағаланың жолында жасалған игіліктің

иләһи сыйларға себепкер болатындығын былай деп тілге тиек етеді:

«Бір кісі шөлде сапар шегіп келе жетқан еді. Көктен: «Пәленшенің

бақшасын суғар», - деген дауыс естіді. Басын көтеріп көкке қарады. Көкте

тек жалғыз бұлт болатын. Иә, дауыс сол жақтан келіп жатқан болатын.

Кісі аң-таң болып, бұлттың соңынан ерді.

Тастақтау жерге келгенде, бұлт жаңбырын төгіп салды. Жаңбыр суы

бір арыққа жиналып, аға жөнелді. Кісі арықты жағалап судың соңынан

ерді. Қарсы алдынан бір бақша шықты. Бақша ішінде бір кісі қолындағы

күрекпен суды қалаған жағына бұрып, бауды суғарып жатыр екен.

Онымен сөйлесейін деген ойға бекінді.

– Уа, Аллаһтың құлы! Атың кім? - деп сұрады. Ол кісі оған бұлттан

естіген есімді айтты. Кейін оған қарап:

– Неге атымды сұрадың? - деді. Ол:

– Бағанағы жаңбырды төккен бұлт бар еді ғой... - деп сөзге бастады –

Біреу бұлтқа сенің атыңды атап, пәленшенің бақшасын суғар, - деді. Мен

бұлттың соңына еріп осыжерге дейін келдім. Атыңды сұрауымның себебі

осыда жатыр. Сен не істеп Аллаһтың мұндай игілігіне қол жеткіздің? -

деп сұрады. Бақша иесі:

– Сұрап тұрсың ғой. Себебін айтайын. Мына сен көріп тұрған бақша

өнімін бергенде есеп-қисап жасаймын. Өнімнің үштен бір бөлігін садақа

ретінде таратамын. Үштен бір бөлігін бала-шағаммен азық етемін. Қалған

үштен бір бөлігін тұқымға қалдырамын. Міне менің істейтінім осы, - деп

жауап берді

(Мүслим, Зүһд 45: Ахмед II, 296)

.

***

Әулиелердің бірі ХазіретМұхаммедСауқадан немере туысыбір нәрсе

сұрап келген еді. Оның бұйымтайын естіген әулие жылай бастады.

Туысы: «Егер жылайтыныңды білгенде, қолқа салмас едім», - деді.

Әулие: «Мен сен сұрамай тұрып неге бермедім деп жылап отырмын», -

деді

(Әбу Нұғайым, Хиля V, 6-7)

.

Хақ Тағала, пақырларды жүзінен тануымызды әдетке айналдыруды

қалайды.

73

Өйткені мүминге жарасар асыл қасиет, мұқтажды сұратпай,

душар болған қиыншылығына жәрдем ету болып табылады.

***

Бір фақиһ пен шейхШиблидің арасында мынадай әңгіме жүріп өткен

еді. Фақиһ шейхті сынайын деген оймен дүние-мүліктің қанша бөлігін

73. Бақара сүресі, 273-аят.