(
115
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қатар, оны келер ұрпаққа жеткізуі қажет. Өйткені қазіргі таңдағы ең
үлкен жиһад, мүминнің өз қоғамындағы жауапкершілігін сезінуі болып
табылады. Адамдарды жақсылық жасауға үгіттеп, жамандық атаулыдан
тыйып, бойындағы қасиеттерімен өзгеге үлгі болуы керек.
Аллаһ жолында еңбектену кез келген мүмин үшін үлкен бақыт. Хақ
Тағала, өзінің разылығына қол жеткізуге талпынған құлдарын былай деп
суреттейді:
«Уа, иман келтіргендер! Сендерге, жан түршігерлік азаптан
құтқаратын сауданы көрсетейін бе?
(деп айт)
. Аллаһқа және оның
елшісіне иман келтіресіңдер! Дүние-мүліктеріңменжәне жандарыңмен
Аллаһ жолында күресесіңдер! Біле білсеңдер, бұл істерді
(іске
асыруларың)
сендерге қайырлы»
(Саф сүресі, 10-11 аяттар)
.
Ұлы Раббымыз, өз жолында бір-біріне жәрдем етіп бір текті, бауыр
сияқты еңбектенген құлдарын жақсы көретіндігін Құран Кәрімде айтып
өткен.
75
Оларға мынадай сүйінішті хабарды жеткізеді:
«Біздің жолымызда күрескендерге, міндетті түрде тура жолдарды
көрсетеміз!»
(Ғанкабут сүресі, 69-аят)
.
Өйткені Аллаһтың мейіріміне лайық кісілер тек осындай кісілер
болады.
76
Хазірет Мәулана кез келген істе, кез келген жерде, кез келген шақта
Аллаһ жолында тер төгудің керектігін былай деп жеткізеді:
«Қаласа ақырын әрекет етсін, қаласа асығып-аптықсын, кісі алдына
қойған мақсатына ертелі-кеш жетеді. Ей, Хақ Тағаланың жолында
еңбектеніп жүрген жан! Қалауыңнан, мақсатыңнан айрылып қалма!
Өйткені мақсат – өте ғажап жол көрсетуші. Ақсақ болсаң да, мүгедек
болсаң да тіпті кемшілігің көп болса да оның жолында бол. Оған қарай
ұмтыл. Оны, яғни Аллаһты ізде!
Аллаһ жолында оқтай заулап, оған қарай жүруге, жүгіруге күш сал.
Кейде орынды сөз сөйлеп, ал кейде орынсыз сөз сөйлеуден аулақ болып,
ғажайып тұлға Пайғамбарымыздан өнеге алуға тырыс».
Тағы да сол Хазірет Мәулана басқа бір сөзінде былай дейді.
«Ұйықтасаң да Аллаһ жолында ұйықта. Жолдан қалып қойма. Бәлки
жолыңда біреу кезігіп, сені ғапылдықтан құтқарып қалар».
Бір күні ардақты сахабалардың бірі Пайғамбарымыздан (с.а.у.)
қандай құлшылықтың жиһадқа тең келетінін сұрады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) оған тең келетін құлшылықтың жоқ екендігін жеткізді. Бірақ әлгі
сахаба қайта-қайта сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайырған жауабын
75. Саф сүресі, 4-аят.
76. Бақара сүресі, 218-аят.