¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
114
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ізденсе міндетті түрде инфақ ететін дүние табарыдаусыз. Өз мүмкіндігіне
қарайдүние-мүлкінен, уақытынан, күш-қуатынан, білімінен, қабілетінен,
өнерінен, тілінен, жүрегінен, дұғаларынан инфақ ете алады. Қоғамда
тыныштық, бірлік, бауырмашылдықтың орнауы үшін мүминдердің
аянбай еңбектенулері қажет.
Хақ Тағаланың разылығы үшін істелінген кез келген инфақ, ақырет
азығы және мәңгі бақыт қоры. Мұны ұмытпалық бауырлар!
б) Аллаһ жолында тер төгу
Аллаһ жолында аянбай тер төгудің, ислам дініндегі аты «жиһад»
болып табылады. Жиһад, Ислам дінінің сақталуын, дамуын, өркендеуін
қамтамасыз ететін барша іс-әрекетті қамтиды. Жиһадты тек қолға
қару алып соғысу деп түсіну, үлкен қателік. Аяттар мен хадистерге көз
жүгіртсек, бұл ақиқатты көруге болады. Өйткені қару, тек зұлымдықты
тоқтату және ақиқатты орнату үшін қолданылатын соңғы шара екендігі
хақ.
Жиһадттың мақсаты, адам баласының екі дүниелік бақытын
қамтамасыз ету болып табылады.
Жиһад аяттары көп түскен Мекке дәуірінде, мүминдердің ауызға
аларлық қарулы күші жоқ болатын. Олар, қарабайыр қараңғы дәуірдің
жетегінде кеткен жандарға қарсы ислам дінін, яғни адамшылықты,
ақиқатты, әділетті қолданды. Оған қоса кез келген жанға үлгі боларлық
мүмин тұлғасын әрдайым ұсынып отырды. Құран Кәрім мүминдердің
бұл халін
«үлкен жиһад»
деп атады.
74
Міне, жиһад осындай мағынаға ие, ол мүминдердің ең қасиетті
парыздарының бірі. Оның маңыздылығын мына жайттан аңғарамыз.
Хақ Тағала кейбір әмірлерінің нисабын және нисбетін (өлшемін)
көрсеткен. Мысалы, зекет осыған жатады. Намаз, ораза тағы басқалар
да осылай. Аталмыш құлшылықтар белгілі мөлшерде өтелгенде, құл
өзінің міндеттерін атқарған болып есептеледі. Бірақ жиһадтың нисабы
да, нисбеті де жоқ. Яғни қолдағы бар мүмкіндікті Аллаһ жолында сарп
ету дегенге саяды.
Осылай бола тұра, қазіргі таңда мән берілмейтін істердің бірі жиһад
болып табылады. Ал ақиқатына жүгінсек, ол парыздардың алғашқы
қатарына жатады. Бірақ мұсылмандардың көпшілігі, болмашы бір іс
істеп жауапкершіліктен құтылғандығын ойлайды. Босаңсуға жол береді.
Ал бәз біреулер, тіпті белгілі мөлшер қойылмаған бұл істен бейхабар.
Хақиқи мүмин, оған иман нығметін жеткізгендерге алғысын білдіруімен
74. Фурқан сүресі, 52-аят.