Previous Page  109 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 462 Next Page
Page Background

(

109

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

күмәнсіз Аллаһтың тобы, міне солар жеңіске жетеді!»

(Мәйда сүресі, 55-56

аяттар); (Рази XII, 23; Табари VI, 186)

.

***

Хазірет Омарға (р.а.) Хайбар олжасынан құнды (өте бағалы) бір жер

түскен еді. Омар (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың

Елшісі! Хайбар олжасынан маған бір жер берілді. Өмірімде ондай бағалы

жерім болған емес. Оны не қылуымды әмір етесің», - деді. Адамзаттың

асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Қаласаң оның негізін уақыф етіп, инфақ

ет»

, - деді.

Бұл сөзді естіген Омар (р.а.) жерін төмендегі мына шарттар бойынша

уақыф етті.

«Оның негізі сатылмайды. Сыйға тартылмайды. Оған ешкім мұрагер

бола алмайды. Ол пақырларға, жақын туыстарға, құл азат етуге, Аллаһ

жолында жұмсауға, жолда қалып қойған жандарға, қонақтарға арналған.

Оған басшылық еткен жанның, дүние жинамастан одан жеуінде және

жолдасына жегізуінде ешқандай күнә жоқ»

(Бұхари, Шурут 19, Уасайа 28,

Айман 33; Мүслим, Уасият 15)

.

***

Әнәс (р.а.) былай деп нақыл етеді:

Мәдинадағы Ансардың арасында ең құрма бауы көп Әбу Талха

(р.а.) болатын. Ең жақсы көретін дүниесі Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

мешітінің қарсы алдындағы «байруха» атты құрма бауы болатын. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) бауға кіріп, оның тәтті суынан ішіп тұратын.

«Сүйген нәрселеріңді сарп етпейінше, «биррге»

(Аллаһтың

разылығына)

қол жеткізе алмайсыңдар!»

деген аят түскенде Әбу Талха

(р.а.) Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Хақ Тағала

«Сүйген нәрселеріңді сарп етпейінше, «биррге» (Аллаһтың разылығына)

қол жеткізе алмайсыңдар!» деген аятын түсіріпті. Ең жақсы көретін

дүнием «байруха» атты құрма бауым. Оны Аллаһ разылығы үшін инфақ

етейін. Аллаһтан оның сауабын және ақырет азығым болуын тілеймін.

Байруханы Аллаһтың саған көрсеткен жеріне жұмса», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Сені құттықтаймын. Пайдалы дүние деген осы.

Айтқаныңды естідім Әбу Талха. Оны туыстарыңа беруді жөн көремін»,

- деді.

Әбу Талха (р.а.): «Иә, солай істейін, Аллаһтың Елшісі!» - деп бауын

алыс туыстары мен немере туыстарына бөліп берді

(Бұхари, Зекет 44, Уасайа

10, 17, 26, Тәпсір 3/5; Мүслим, Зекет 42, 43)

.

***