Previous Page  105 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 105 / 462 Next Page
Page Background

(

105

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Тәбук жорығына аттанардан алдын Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әскерлерге

мұқтаж керекті құрал-жабдықтарды, заттарды қамтамасыз ету үшін

сахабаларынинфақжасауғаүндеді.АлолшақтаМәдинаныаштықжайлап

кеткен болатын. Осыған қарамастан сахабалар иманның асау толқынына

малынып дүниенің күллі пайдасын тәрк етіп инфақ жарысына түсті.

Хазірет Әбу Бәкір дүние-мүлкінің барлығын алып келді

(Тирмизи,

Мәнақиб, 16/3675)

.

Бір сәті келгенде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жомарт жолдасының

көңілін аулап:

«Әбу Бәкірдің мүлкінен пайдаланғаным тәрізді, өзге

ешкімнің мүлкінен пайдаланған емеспін»

, - деп айтты.

Барша болмысынАллаһЕлшісіне (с.а.у.) пида еткен олмубәрак сахаба

бұл сөзді естіп, қатты толқып көз жасына ерік берді. Артынша Аллаһ

жолында мал сарп етіп қол жеткізген рухани байлығының деңгейін

көрсететін мына сөздерді айтты.

«Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен және дүние-мүлкім, тек сен үшін емеспіз

бе?»

(Ибн Мәжә, Муқаддима 11)

.

***

Хазірет Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге инфақ жасауды әмір етті. Ол кезде біраз

дүние-мүлкім бартұғын. Өз-өзіме ішімнен: «Әбу Бәкірді озсам, бүгін

озамын» деп мүлкімнің жартысын алып келдім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Үй-ішіңе не қалдырдың? - деп сұрады. Мен:

– Осы әкелгенімдей оларға қалдырдым, - деп жауап бердім.

Ал Әбу Бәкір мүлкінің барлығын алып келді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Әбу Бәкір, бала-шағаңа не қалдырдың? - деп сұрады. Ол:

– Оларға Аллаһты және Оның Елшісін қалдырдым, - деп жауап

қайырды.

Өз-өзіме ішімнен: «Уаллаһи, оны ешқашан ешбір істе оза алмаспын»,

- дедім.

***

Абдуррахман ибн Хубаб (р.а.) былай деп әңгімелейді:

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларын «жайшул-ғусраға»

69

қол ұшын

беруге үндеді. Мен сол сәтте оның қасында болатынмын. Осман ибн

69. Жәйшул Ғусра: қиыншылық әскері деген мағынады. Тәбук сапарына шыққан әскерге

шарттарының қиындығына орай берілген есім.